Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2010.04.01 N 07/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, және 2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ауыл және кент әкімдері:
1) 2009 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1982-1991 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізбесі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.
4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.
5. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын шақыру мерзіміне маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын, кабинеттерді медициналық құрал-жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін.
6. Нұра ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қанат Ісләмұлы Әпеков - келісім бойынша):
1) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардың шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының облыстық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.
8. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі "2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы"(2008 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасында тіркелінген, мемлекеттік тіркеу N 8-14-69) N 05/03 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шайдаров
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
Г.Қ. Досполова
30.03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің
директоры
Б.О. Еспаев
30.03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
Қ.Ш. Жолболдин
30.03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
Қ.І. Әпеков
30.03.2009 жыл
Қосымша
аудан әкімдігінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 05/01 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2009.09.04 N 15/07 қаулысымен.
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
1. Жолболдин Қайролла - комиссия төрағасы,
Шәріпұлы Нұра ауданының қорғаныс
істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
2. Гизатулин Фаниль - комиссия төрағасының
Фанауивич орынбасары,
аудан әкімі аппаратының
азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маманы
3. Насихатова Лязат - комиссия хатшысы,
Өскембайқызы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
4. Протасенко Константин - Нұра ауданының ішкі
Викторович істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
5. Әбішева Жанар - аудандық медициналық
Әшірбайқызы бірлестігінің
терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)