2009 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 19 сессиясының 2009 жылғы 03 қыркүйектегі N 212 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қыркүйекте N 8-14-102 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихат аппаратының 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 40 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихат аппаратының 2011.04.06 N 40 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылғы ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең соммада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Е. Тұранов

      Келісілді:

      Нұра ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы
      М.С. Мухамеджанова
      7 қыркүйек 2009 жыл

      Нұра ауданының қаржы
      бөлімінің бастығы
      Д.З. Мақсутов
      7 қыркүйек 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады