Эпизотиялық сипаттағы қызметтер бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 236 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда N 8-14-112 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 313 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010.12.22 N 313 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Салық органның жүргізген орташа күндік хронометраждық бақылаулар және талдаулар негізінде, эпизотиялық сипаттағы, сондай-ақ нарықта жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің 4 түрі бойынша біржолғы талондардың құны 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссиясы (Г. Прокоп) жүктелсін.
      3. "Эпизотиялық сипаттағы қызметтер бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" Нұра аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы 12 сессиясының N 155 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2009 жылы 28 қаңтарда N 8-14-88 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2009 жылы 28 ақпанда N 9 (5092) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  Е. Туранов

2009 жылғы 22 желтоқсандағы 22 сессиясының
Нұра аудандық мәслихатының
N 236 шешімімен белгіленген
1 қосымша

N

Эпизодикалық сипаттағы кәсіпкерліктің түрлері

Біржолғы талондардың құны (айлық есеп көрсеткішіне % бойынша) бір күн үшін

1.

Өткізу (стационарлық орындарда өткізуден басқа):



1.1. Газеттер мен журналдарды

7


1.2. Тұқымдар және басқадай отырғызылатын дәнектерді (бұталар, көшеттер)

10


1.3. Бақша дақылдарын

13


1.4. Саяжай мен үй маңында өсірілген гүлдерді

10


1.5. Қосалқы шаруашылықта, бау-бақшада, саябақта өсірілетін азық-түлікті өткізу

4

2.

Жеке тракторлар иелерінің жер участкелерін жырту қызметтері

24

2009 жылғы 22 желтоқсандағы 22 сессиясының
Нұра аудандық мәслихатының
N 236 шешімімен белгіленген
2 қосымша

Базардың аты

Мамандандырылуы

Сауда орынының түрі

Сауда орнының көлемі

Жинақ мөлшері айлық есеп көрсеткіші % бойынша бір күн үшін

Нұра ауданының базары

Азық-түлік

Сөре

3

2

Етке арнайы

3

2

Сүт

2

2

Өндірістік

Сөре

2,8

2

Қолдан

1,5

2

2009 жылғы 22 желтоқсандағы 22 сессиясының
Нұра аудандық мәслихатының
N 236 шешімімен белгіленген
3 қосымша

N

Объектінің түрі

Жинақ мөлшері айлық есеп көрсеткіші (%) бойынша бір басқа

Сомасы (теңге) Бір күн үшін

1.

Жылқы

0,05

0,6

2.

Қара мал

0,03

0,4

3.

Қой

0,015

0,19

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады