Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының 2011.04.20 N 2-35/86 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 419, 422 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставкаларын қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
хатшы Қ. Саққұлақов
2009 жылғы 22 қаңтардағы
Осакаров аудандық мәслихатының
12 сессиясының N 107 шешіміне
1 қосымша
2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставкалары
N р/с |
Салық салу объектісінің атауы |
1 айдың тіркелген жиынтық салық ставкасы АЕК* 1 айда |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
1 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |
*АЕК – айлық есептеу көрсеткіші