Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.21 N 3-2/231 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданының аймағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі келесі жұмыссыз азаматтардың санаттарымен анықталсын:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалар;
2) 50-ден асқан әйелдер;
3) 55-тен асқан ерлер;
4) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
5) отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
6) 29 жасқа дейінгі жастар.
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
1) зейнеткерлікке дейінгі (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) жастағылардың қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі зейнеткерлік жасқа толғанға дейін ұзартылсын;
2) зейнеткерлік жасқа дейінгі (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалардан басқа, мүгедектердің, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалардың қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін;
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті орган "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Осакаров ауданының әкімі О. Қаппасов