Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 13/20 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 04 қарашадағы N 32/01 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 8-15-111 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 21 сәуірдегі N 3-2/231 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.21 N 3-2/231 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 13/20 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-104 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы N 24 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақтағы "Нүркен Сайфиддинұлы Көбжанов – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары" сөздері "Жанарстанов Аскар Жаксыкельдинович – азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   Р. Әбдікеров

      КЕЛІСІЛДІ

      Ауданның қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      Н.С. Саманов
      2009 жыл 04 қараша

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарағанды облысы
      Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры
      Е.А. Абилкасимов
      2009 жыл 04 қараша

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық ішкі істер
      бөлімі бастығы
      А.Р. Жакупбаев
      2009 жыл 04 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады