Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.21 N 3-2/231 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 cәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін:
Нұрлан Серікұлы - ауданның қорғаныс істер жөніндегі
Саманов бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);
Жанарстанов Аскар - азаматтық қорғаныс және төтенше
Жаксыкельдинов жағдай бойынша мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Гайдар Игітайұлы - ауданның ішкі істер бөлімі
Нұрмағамбетов бастығының қызметтер жөніндегі
орынбасары (келісім бойынша)
Елена Владимировна - "Аудандық медициналық бірлестігі"
Голикова коммуналдық мемлекеттік қазынашылық
кәсіпорнының дәрігер-терапевті
(бұдан әрі – "АМБ" КМҚК),
медициналық комиссияның төрағасы
(келісім бойынша);
Анна Викторовна - "АМБ" КМҚК медбикесі,
Рукавишникова медициналық комиссияның хатшысы
(келісім бойынша);
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2009.11.04 N 32/01 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі ҚІБ) бастығы Нұрлан Серікұлы Саманов (келісім бойынша) Осакаров ауданының ҚІБ шақыру учаскесінде 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру өткізсін.
4. Сырқатқа немесе басқа да себептерге байланысты шақыру комиссиясының мүшелері жоқ жағдайда резервтік комиссия құрамы бекітілсін:
Бектұрсын Әжібайұлы - ҚІБ бастығының орынбасары–жұмылдыру
Оспанов даярлығы мен аумақтық ҚІБ қорғаныс
бөлімшесінің бастығы, комиссия
төрағасы, (келісім бойынша);
Нұржан Шәймерденұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
Абильдин төрағасының орынбасары;
Руслан Рафкатович - ауданның ішкі істер бөлімі
Хабибуллин бастығының орынбасары,
тергеу бөлімінің бастығы
(келісім бойынша);
Иван Павлович - "АМБ" КМҚК дәрігер–хирургі
Бурхин (келісім бойынша)
5. Аудандық шақыру комиссиясының барлық мүшелері азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру кезеңіне өз міндеттерін атқарудан жұмыс орындары мен еңбекақысы және атқаратын қызметтері сақтала отырып босатылсын.
6. ""АМБ" КМҚК директоры Қанат Ерекеұлы Сәдуақасов (келісім бойынша):
1) медициналық куәландыру өткізуге аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар білікті дәрігер – мамандарды, сондай-ақ орта маманды медициналық қызметкерлерді бөлсін;
2) стационарларда аудандық шақыру комиссияның жолдамасы бойынша әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеруден өткізу үшін резервтік орындар сақталсын;
3) барлық әскерге шақырылушыларды кеуде клетканың флюорографиядан, электрокардиограмма және басқа қажетті талдаулардан өткізуді қамтамасыз етсін;
4) әскерге шақырылушыларды тексеру үшін электрокардиограммалық таспалары, рентген үлдірлері резервте болсын;
5) тістерін емдеуге мұқтаж болған әскерге шақырушылардың ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз етсін.
7. Кенттер мен селолық округтердің әкімдері және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына міндеттелсін:
1) әскерге шақырылушылар ауданның ҚІБ шақырылулары туралы хабардар етілсін және олардың уақытылы келуі қамтамасыз етілсін;
2) шақырылуға жататын азаматтар іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алынсын, олардың хабардар етілуі және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуі ұйымдастырылсын, шақыру және медициналық куәландыру кезеңіне жұмыстан еңбекақысы және жұмыс орны сақтала отырып босатылсын;
3) әскерге шақырылушылармен қызметке жіберуге дейінгі 3 күн ішінде толық есеп айырысу өткізілсін, сондай-ақ соңғы жұмыс күнге тиісті төленетін барлық сомалар төленсін.
8. Кенттер мен селолық округтер әкімдері қамтамасыз етсін:
1) барлық әскерге шақырылушыларға дербес шақыру қағазын тапсыруды;
2) шақыру учаскесіне техникалық жұмыскерлерді, қызмет ететін қызметкелер мен автокөліктерді бөлуді;
3) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына кәсіпорындар, ұйымдардың көліктерімен жеткізуді;
4) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына жеткізуде қауіпсіздік шараларын сақтауды;
Әскерге шақырылушыларды тасымалдауды кенттер және селолық округтердің әкімі аппараттарының немесе ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторы іске асырсын.
9. Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Алпысбай Рахметұлы Жақыпбаев (келісім бойынша):
1) бұрын сотталған, жазасын өтеген, қоғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы Осакаров ауданының ҚІБ жөніндегі бөліміне ақпарат берсін;
2) Ауданның ҚІБ әскерге шақырылушыларды іздестіру және шақыру учаскесінде тәртіп сақтау үшін ауданның ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тізімін ұсынсын;
3) әскерге шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру оларды ұстау және шақыру учаскесіне әкелуді қамтамасыз етсін;
4) әскерге шақырылушыға шақыру парағы тапсырылмаған жағдайда олардың шақыру пунктіне келуді қамтамасыз етсін;
10. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2009 жылдың 10 шілдесі және 2009 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынылсын.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімі орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі О. Қаппасов
КЕЛІСІЛДІ
Ауданның қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Н.С. Саманов
2009 жыл 05 мамыр
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды облысы Денсаулық
сақтау департаментінің директоры
М.З. Шайдаров
2009 жыл 05 мамыр
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер
бөлімі бастығы
А.Р. Жақыпбаев
2009 жыл 05 мамыр