2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 06/03 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 мамырда N 8-16-43 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 4-2/187 хатымен)

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011.04.07 N 4-2/187 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік пайдалы бағыты бар жұмыстарға тарту мақсатында, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлытау ауданы бойынша 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 330 адам есебінде айқындалсын (N 1 қосымша).
      2. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Ұлытау ауданының мемлекеттік мекемелерінің тізбесі, қоғамдық жұмыстарының түрлері, көлемі, жағдайлары және қаржыландыру көздері бекітілсін (N 2 қосымша).
      3. Қоғамдық жұмыс түрлері 5 ай мерзімге белгіленсін және қосымша жұмыс болған жағдайда кент, село әкімдерінің сұраныстары арқылы тағы бір айға созуға болатыны ескертілсін.
      4. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2009 жылға белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болмайтын көлемде белгіленсін.
      5. "Ұлытау ауданының қаржы бөлімі" ММ (Шайхин Т.З.) қоғамдық жұмыстарды қосымша қаржыландыруды жергілікті бюджеттен бекітілген қаражат шегінде жүргізсін.
      6. "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Орынбаев Н.С.) қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайын көрсету мен орындауға жұмыс берушілермен типтік шарт жасау міндеттелсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж.Ә. Дәрібаев

Ұлытау ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 сәуірдегі
N 06/03 қаулысына
N 1 қосымша

Ұлытау ауданы бойынша 2009 жылға арналған
қоғамдық жұмысқа сұраныс пен ұсыныс

Р
N

Мекемелердің атауы

Сұраныс

Жұмыс түрлері

Ұсыныс

1

"Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

2

"Ұлытау ауданының білім бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

3

"Ұлытау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

4

"Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

5

"Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

6

"Ұлытау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

7

"Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

8

"Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

9

"Ұлытау ауданының қала құрылысы және сәулет бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

10

"Ұлытау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

11

"Ұлытау ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

12

"Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

13

"Ұлытау ауданының қаржы бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

1

14

"Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ

10

Қарулы күштер қатарына шақырту жөнінде халықпен жұмыс, шақыру қағаздарын жеткізу, құжаттарды өңдеу

10

15

Ұлытау аудандық пошта бөлімшесі

3

Құжаттарды өңдеу, баспасөзге жазылу уақытында көмек көрсету, басылымдарды тарату

3

16

Кент, село әкімдері

304

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу, кент, селоларды абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары

304



Барлығы:

330


330

Ұлытау ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 сәуір
N 06/03 қаулысымен
бекітілген N 2 қосымша

2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбесі

Р N

Мекемелердің атауы

Саны

Жұмыс түрлері

Қоғамдық жұмыс шарты

Қаржыландыру көзі

Жұмыс
көлемі, (мың теңге)

1

"Ұлытау
ауданының
жұмыспен
қамту және
әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5
күн, сағ.
9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

2

"Ұлытау
ауданының
білім бөлімі"
ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

3

"Ұлытау
ауданының
экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

4

"Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

5

"Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

6

"Ұлытау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

7

"Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

8

"Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

9

"Ұлытау ауданының қала құрылысы және сәулет бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

10

"Ұлытау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

11

"Ұлытау ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

12

"Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

13

"Ұлытау ауданының қаржы бөлімі" ММ

1

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

67,35

14

"Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ

10

Қарулы күштер қатарына шақырту жөнінде халықпен жұмыс, шақыру қағаздарын жеткізу, құжаттарды өңдеу

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

673,5

15

Ұлытау аудандық пошта бөлімшесі

3

Құжаттарды өңдеу, баспасөзге жазылу уақытында көмек көрсету, басылымдарды тарату

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

202,05

16

Кент, село әкімдері

304

Құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, жіберу, кент, селоларды абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары

аптасына 5 күн, сағ. 9.00-ден
18-00-ге дейін

Аудан бюджеті

15777,9


БАРЛЫҒЫ:

330




17529,0

КЕЛІСІЛДІ:

Ауғанова Гүлнар          аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы
Мәдениетқызы

Әлиакпаров Жұматай       аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы
Мақсұтұлы

Дүйсенбаев Елтінді       аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы
Дүйсебекұлы

Еділбаев Сапар           аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің
Жұмаділдәұлы             бастығы

Еділбаев Мұхамбетжан     аудандық мәдениет және тілдерді дамыту
Жұмаділдәұлы             бөлімінің бастығы

Жақыпова Қарлығаш        Ұлытау аудандық пошта бөлімшесінің бастығы
Бақытқызы

Жарылғапов Мұхтар        аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
Жүсіпұлы                 бастығы

Қожахметов Манарбек      аудандық білім бөлімінің бастығы
Сұлтанбекұлы

Мұқыш Баттал             аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы
Мұқышұлы

Нәшкенов Болат           аудандық құрылыс бөлімі бастығының міндетін
Рахатұлы                 атқарушы

Оразбеков Дана           аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
Бекішұлы                 жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары
                         бөлімінің бастығы

Орынбаев Нұржан          ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік
Серікұлы                 бағдарламалар бөлімі бастығының уақытша м.а.

Түсіпбеков Әбсұлтан      аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
Советұлы                 бөлімінің бастығы

Түсіпбеков Еркін         аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің
Қарақойшыұлы             бастығы

Шайхин Тасболат          аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Зайырұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады