2009 жылға арналған жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы N 09/07 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 08 шілдеде N 8-16-44 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек беру жөнінде қорытынды дайындау мақсатында аудандық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).

      2. Аудандық комиссия материалдық көмектің мақсаты мен тиімді пайдалануын қатаң қадағаласын.

      3. Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға берілетін материалдық көмек 50920 (елу мың тоғыз жүз жиырма) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ж.Ә. Дәрібаев

КЕЛІСІЛДІ:


Әбдікеров Әбусағит

аудан әкімінің орынбасары,

Түгелбайұлы

комиссия төрағасы

Орынбаев Нұржан

ауданның жұмыспен қамту және

Серікұлы

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


      бастығы орынбасарының міндетін

      атқарушы

Ахметбеков Абзал

ауданның жұмыспен қамту және

Мәжитұлы

әлеуметтік бағдарламалар


      бөлімінің бастығы

Ауғанова Гүлнар

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің

Мәдениетқызы

бастығы

Шайхин Тасболат

аудандық қаржы бөлімінің

Зайырұлы

бастығы

Жақыпова Қарлығаш

Ұлытау аудандық пошта

Бақытқызы

бөлімшесінің бастығы


  2009 жылғы 29 мамырдағы N 09/07
аудан әкімдігінің қаулысына
N 1 қосымша

Жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетінше жұмысқа орналасуды қамтамасыз етуге материалдық көмек беру жөнінде қорытынды дайындау мақсатында аудандық комиссияның құрамы

      Әбдікеров Әбусағит - аудан әкімінің орынбасары,

      Түгелбайұлы комиссия төрағасы

      Орынбаев Нұржан - ауданның жұмыспен қамту және

      Серікұлы әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

      бастығы орынбасарының міндетін

      атқарушы, комиссия хатшысы

      Комиссия мүшелері:

      Ахметбеков Абзал - ауданның жұмыспен қамту және

      Мәжитұлы әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімінің бастығы

      Ауғанова Гүлнар - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің

      Мәдениетқызы бастығы

      Шайхин Тасболат - аудандық қаржы бөлімінің

      Зайырұлы бастығы

      Жақыпова Қарлығаш - Ұлытау аудандық пошта

      Бақытқызы бөлімшесінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады