Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 22/04 қаулысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 ақпанда N 8-16-52 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарын басшылыққа алып Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бап 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, Ұлытау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 21 тамыз күнгі N 02-342 санды ұсынысы негізінде Терсаққан селолық округінде мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез індеті шығуына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Терсаққан селолық округі көлеміне ветеринариялық - санитариялық шектеу қойылсын.
      2. Бруцеллез індетіне шалдыққан барлық жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 бұйрығымен бекітілген Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық - санитариялық және санитариялық - эпидемиологиялық Ережесінің талаптарына сәйкес жойылсын.
      3. Шектеу шараларына байланысты жұмыстар аяқталғанға дейін селолық округ территориясынан арнайы рұқсатсыз ауыл шаруашылығы малдарын тірі алып шығуға шектеу қойылсын.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Ж.Ә. Дәрібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады