2009 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 9/7 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 8-17-76 тіркелді. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 8-4/474 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2011.04.12. N 8-4/474 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 13 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармағына сәйкес жоғарғы және орта кәсіптік білім алған оқу орындарының түлектеріне тәжірибе бере отырып, жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілетті органы – "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - жұмыспен қамту бөлімі):
      жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздық есебінде тұрған жоғарғы және орта кәсіптік білім алған оқу орындарының түлектеріне мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесін алуына жағдай туғызу үшін нарық еңбегінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға ықпал етуге бағытталған жұмыссыз жастар арасында жастар тәжірибесін жүргізуді ұйымдастырсын;
      жастар практикасы аясында N 11 кәсіптік лицейдің түлектерін кәсіптік диплом алғаннан кейінгі тәжірибесін ұйымдастыруға жұмыс берушілермен келісім шарт жасауды қамтамасыз етсін;
      жастар практикасы іс-шараларын жүргізуді қаржыландыруды жергілікті бюджеттің 002 "Халықты жұмыспен қамту" бағдарламасы 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" кіші бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысының төлемі қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қарастырылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі                        Қ.К. Тілеубергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады