Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шет ауданы бойынша сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысандары төмендегідей белгіленсін;
1) "Агадыртепло" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Электржабдықтау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) "Қызмет А" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
4) "ШетКоммунСервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
5) "Шетэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
6) "Nоvа-Цинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7) "Бирлик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
8) "Ардагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Анықталған нысандардың әкімшілігіне, ауданды көгалдандыру, жайластыру және санитарлық тазалау нысандарындағы қоғамдық жұмыстарды атқаруға сотталған тұлғаларды жүктеу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Шет ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Б. Төлеуқұлов