Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 02 наурыздағы N 333 қаулысы. Қызылорда облыстық Әділет департаментінде 2009 жылы 08 сәуірде N 4221 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 тамыздағы N 113 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2011.08.16 N 113 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы N 415 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4124 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қызылорда облысының әкімі                      Б. Қуандықов

       Қызылорда облысы әкімдігінің
2009 жылғы 2 наурыздағы N 333
қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстың коммуналдық меншігіндегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен
қолданылатын коэффициенттер мөлшері
 

Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)     

Р/с

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент (Ктұр):


кеңселік

1,0

өндірістік

0,8

қоймалық, буқазандық

0,6

басқалар үшін

0,9

2

Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр):


бөлек тұрған

1,0

кіріктірме-жапсарлас бөлігі

0,9

цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі

0,8

өжіре бөлігі

0,7

3

Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж):



барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка):


Қызылорда қаласы үшін:

қала орталығы

қала шет аймағы

қаланың қалған бөлігі


2,0

1,2

1,5

аудан орталығы үшін

аудан орталығының шет аймағы үшін

1,5

0,8

аудан орталығы емес кенттер, ауылдар үшін

1,0

5

Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқ):


банктердің, "Қазпошта" акционерлік қоғамы үшін есеп айрысу-кассалық орталықтары үшін

2,0

Делдалдық іс-қимыл және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін

3,0

қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5

Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін:

жоғарғы білім беру

орта білім беру

мектепке дейінгі білім беру


1,1

0,9

0,8

орта және арнайы орта білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін

0,9

басқалар үшін

1,0

6

Жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқ):


мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін

1,3

сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда өндірістік іс-қимыл ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуға шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін

1,2

жеке кәсіпкерлер үшін

1,1

акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдармаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

мемлекеттік кәсіпорындар үшін

0,7

республикалық мемлекеттік мекемелер, қайрымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

      Ескертпе:

      1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:

      Жа = Еа х А х Ктұр х Ктүр х Кж х Ка х Кқ х Кұқ
      Бұл жерде:
      Жа – жалға алынған алаңның жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі;
      Еа - 1 шаршы метрге жылдық жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңгемен;
      А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Ктұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
      Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
      Ка - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Кұқ - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
      Жа = Ққ х Nаm / 100 х Кт
      Бұл жерде:
      Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      Ққ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
      Nаm - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кт - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде - 0,8 мөлшерде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде -0,5).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады