"Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 121 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 145 шешімі. Қызылорда облыстық Әділет департаментінде 2009 жылы 16 сәуірде № 4224 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 15.03.2017 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 121 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4217 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 8 және "Кызылординские вести" газетінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 9 сандарында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешімнің кіріспесі "басқару" сөзінен кейін "және өзін өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      аталған шешімнің қосымшасындағы:
      3-тармақтағы кесте мынадай реттік саны 4-8-жолдармен толықтырылсын:

"
4
Күкірт диоксиды
200


5
Азот диоксиды
200


6
Күл
240


7
Күкіртті сутегі
1240


8
Меркаптан
199320 ";

      
      6-тармақтағы кесте мынадай мазмұндағы 1.3.7. жолмен толықтырылсын:

"
1.3.7.
Техникалық және элементарлық күкірт
3,77

".

      
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облыстық мәслихатының
      ХV сессиясының төрағасы І. Баймұханов
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады