Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімінің 2012.12.05 N 533 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қызылорда қаласында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды
әскерге шақыру учаскесінде әскери есепке тіркеу жұмыстары
жүргізілсін.
2. Тіркеу жұмысын жүргізу үшін қалалық шақыру учаскесiндегi тiркеу комиссиясы (әрі қарай - комиссия) құрылсын және оның құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Әскери есепке тіркеу кестесі осы шешімнің 2-қосымшасына
сәйкес бекiтiлсiн.
4. Қалалық шақыру учаскесінде есепке тіркеу комиссиясына жұмыс барысын және күн тәртібін айқындау ұсынылсын.
5. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінен (келісім бойынша) келісім бойынша:
1) әскери есепке тіркеу үшін шақырылу учаскесінен өтетін азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен аяжандармен
қамтамасыз ету;
2) әскери есепке тіркелуге жататын азаматтардың денсаулығын тез арада қайта тексеруге, әрі емдеуге қаланың емдеу мекемелеріне нұсқау беру ұсынылсын.
6. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына есепке тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын 40 (қырық) адам бөлу тапсырылсын.
7. Қалалық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) тіркеуге алу кезінде іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету үшін қалалық ішкі істер бөлімінен қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.
8. Қаладағы мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік емес ұйым және оқу орындарының басшыларынан әскери есепке тіркелмеген әскери қызметке шақырылуға жататын жасы келген азаматтарды медициналық комиссиядан өту мерзімi барысында жұмыстан (сабақтан) дер кезінде босатылу сұралсын.
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімiнің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.
10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап
қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ергешбаев
"Келісілді"
Мұхамбетов Рахметулла Қамашұлы
Қызылорда қаласының қорғаныс
істер жөніндегі басқарма бастығы
________________________________
"31" желтоқсан 2008 жыл
Баймаханов Болат Бимендыұлы
Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының бастығы
________________________________
"22" желтоқсан 2008 жыл
Муятов Бақыт Жолшыұлы
Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы
________________________________
"19" желтоқсан 2008 жыл
Баймаханов Сәбит Ахмедиярұлы
Қалалық ішкі істер бөлімі
бастығының қызмет жөніндегі
орынбасары, полиция полковнигі
________________________________
"19" желтоқсан 2008 жыл
Тұрсынбаев Серікбай Сыздықұлы
Қызылорда қалалық 1-ші емхана дәрігері
______________________________
"19" желтоқсан 2008 жыл
Алиақбарова Мафура Алиақбарқызы
N 1-ші қалалық емханасының медбикесі
________________________________
"19" желтоқсан 2008 жыл
Қызылорда қаласы әкiмiнiң
2009 жылғы 8 қаңтардағы N 42
шешіміне 1-қосымшасы
Қалалық шақыру учаскесiнiң тiркеу комиссиясының құрамы
Мұхамбетов Рахметулла Қамашұлы |
- |
"Қызылорда қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); |
Мұхимов Абзал Сансызбайұлы |
- |
қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; |
Баймаханов Сәбит Ахмедиярұлы |
- |
Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімi бастығының қызмет жөнiндегi орынбасары, полиция полковнигi (келісім бойынша); |
Тұрсынбаев Серiкбай Сыздықұлы |
- |
N 1 қалалық емхана дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); |
Алиақбарова Мафура Алиақбарқызы |
- |
N 1 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша). |