Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 1146 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда N 10-1-109 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001
жылғы 23 қаңтардағы және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагердің бұрынғы жасы
кәмелетке толмаған тұтқындарына коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін 2009 жылдың 1 ақпанынан – 31 желтоқсан аралығында әлеуметтік
көмек көрсетілсін.
      2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды
қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                              М. ЕРГЕШБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады