Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 1249 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2009 жылы 06 сәуірде N 10-1-111 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери
қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласындағы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін қалалық шақыру комиссиясы (әрі қарай-комиссия) құрылсын және оның құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының жүргізілу кестесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      4. "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде әскери
қызметтен өтуде бас тартып, қашып жүрген азаматтардың іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету үшін қалалық ішкі істер басқармасынан полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
      5. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру мерзіміне есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын 50 (елу) адамнан бөлу мәселесін қарастыру тапсырылсын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                           М. ЕРГЕШБАЕВ

      "КЕЛІСІЛІДІ"

      Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы _______________
      Қызылорда қаласының қорғаныс "___" ______ 2009 жыл
      істері жөніндегі басқарма бастығы

      Мұятов Бахыт Жолшыұлы _______________
      Қызылорда қалалық ішкі істер "___" ______ 2009 жыл
      басқармасының бастығы

      Тұрсынбаев Серік Сыздықұлы ________________
      Қалалық N 1 емхана дәрігері "___" _______ 2009 жыл

      Алиақбарова Мафура Алакбарқызы ________________
      Қалалық N 1 емхана медбикесі "___" _______ 2009 жыл

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 06 сәуірдегі N 1249
қаулысымен бекітілген
1-қосымша

Қызылорда қаласында 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009-ыншы жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009.10.02 N 1943 Қаулысымен. 
 

      Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы - Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
      Мұхимов Абзал Сансызбаевич - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

      Комиссия мүшелері

      Мұятов Бахыт Жолшыұлы - Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша);
      Тұрсынбаев Серік Сыздықұлы - қалалық N 1 емхана дәрігері (келісім бойынша);
      Алиақбарова Мафура Алакбарқызы - қалалық N 1 емхана медбикесі (келісім бойынша), комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады