"Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 1249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 02 қазандағы N 1943 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы 07 қазанда N 10-1-117 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 1249 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-111 нөмірімен тіркелген, 2009 жылы 10 сәуірдегі N 27-28 (621-622) және 17 сәуірдегі N 29-30 (623-624) "Ақмешіт Ақшамы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшасында:
      Қызылорда қаласында 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009-ыншы жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамына:
      Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы - Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) болып енгізілсін;
      көрсетілген комиссия құрамынан Мұхамбетов Рахметулла Қамашұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              М. Ергешбаев

      "Келісілді"
Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы
Қызылорда қаласының қорғаныс
істері жөніндегі басқарма бастығы
29 қыркүйек 2009 жыл _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады