Қала көшелерінде жаңадан атау беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 1938/1 қаулысы және Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 21/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2009 жылы 14 қазанда N 10-1-119 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы N 344 Қаулысымен және Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 29 наурыздағы N 3/6 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.03.29 N 344 Қаулысымен және Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2012.03.29 N 3/6 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұрынғы Червяков (кейінгі Жанкент) көшесі мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов есімімен аталсын.
      2. Сәулет мөлтек ауданындағы "Мостовая" көшесі түркі әулеті Баһриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны, "Бейбарыс Сұлтан" (Жамақұлұлы (1223-1277)) есімімен аталсын.
      3. "Мостовая" көшесіне параллель орналасқан атауы жоқ көше VI – VII ғасырларда өмір сүрген оғыз-қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы дуалы ауыз абыз, ықпалды қайраткер "Қарабура" есімімен аталсын.
      4. "Сәулет" мөлтек ауданы N 18 кварталға патша үкіметіне қарсы жасалған көтеріліске қатысып, ерлік көрсеткен батыр баба "Қойсары Батыр" (Өтебайұлы (1820-1907 жж.)) есімімен аталсын.
      5. Ипподром, Арай тұрғын аудандарындағы Ипподромға дейінгі бірінші көше (222а квартал) 16 ғасырда өмір сүрген ең алғашқы Сыр өңіріне ислам діні мен мәдениетін таратушы адам, Иранның 32 қақпалы Хорасан қамалын басып алған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жерленген "Хорасан ата" (шын аты Әбдіжалел Баб) есімімен аталсын.
      6. Арай мөлтек ауданында орналасқан Саяси құғын – сүргін құрбандарына қойылған мемориалды ескерткішке баратын көше Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі, көне түркі тілінде Иенгу – угуз (Інжу өзен), ираншап Иахша - арта (шынайы інжу) аталған ертеректе Сырдария аймағын мекендеген сақтардың "Яксарт" тайпасына байланысты шығуы мүмкін Сырдарияның ескі атауы "Яксарт" атауымен аталсын.
      7. "Ақмешіт мешіті" сол жақ бағытындағы 1–ші көше, Жібек жолы көшесіне перпендикуляр орналасқан көше ақындар мен жазушылардың қаламына арқау болған "Сыр сұлуы" атауымен аталсын.
      8. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі                      М. ЕРГЕШБАЕВ

      Қызылорда қалалық мәслихаттың
      кезекті ХХІ сессиясының төрайымы              Н. ЖАППАРОВА    

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                          И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады