Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 26 ақпанда N 10-3-131 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 наурыздағы N 3 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 2010.03.12 N 3 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  33 бабын және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу жұмыстарын жүргізіп, әскери қызметке дайындауды сапалы және ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ШЕШЕМІН:

      1. Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу жұмыстары 2009 жылдың наурыз айының 31 жұлдызына дейін жүргізілсін.
      2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне, аудандағы мекеме басшыларына:
      1) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес шақыру пунктіне бөлінген азаматтарды өздерінің негізгі жұмыс орнындағы қызмет міндеттерінен орташа еңбек жалақыларын сақтай отырып босату;
      2) Шақырылған азаматтардың Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кент, ауылдық округ әкімдері әскери есеп столы мамандарымен, оқу орындарындағы әскери жетекшілерінің қадағалауымен ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және шақырылған азаматтардың Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы келуі мақсатында арнайы көлік ұйымдастыру жұмыстары ұсынылсын:
      3. Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін алғашқы әскери тіркеу жұмыстары уақытында "Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық филиалынан (А.Сұлтанов келісім бойынша) үздіксіз электр жарығымен, Арал аудандық телекоммуникация торабынан (Б.Хамитов келісім бойынша) тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету сұралсын.
      4. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Аяпов) алғашқы әскери есепке тіркеуді ұйымдастыруға қоғамдық жұмыстарға өз еркімен келіскен азаматтарды бөлу тапсырылсын.
      5. Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (М.Байсынов келісім бойынша) тіркеуге алу жұмысының қорытындысын, тіркеуді жүргізу жұмысы аяқталғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде аудан әкіміне хабарлау сұралсын.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                        Н.Мұсабаев
 

"Келісілді"

"Қызылорда электр жүйесін тарату
компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық
филиалының бастығы

_____________       А.Сұлтанов

"__" _________     2009 жыл
 

"Келісілді"

"Арал аудандық телекоммуникация
торабының директоры"

_____________Б.Хамитов

"__" _________ 2009 жыл
 

"Келісілді"

"Қызылорда облысы Арал аудандық
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы"

_____________М.Байсынов

"__" _________ 2009 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады