Аудан аумағында айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларының (алаңның бір шаршы метріне шаққанда) мөлшерлерін және біржолғы талон негізіндегі арнаулы, салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызмет көрсететін жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құндарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы N 85 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 20 наурызда N 10-3-133 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 05 наурыздағы N 148 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010.03.05 N 148 Шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Қазақстан Республикасы Кодексінің 381, 387, 422-баптарын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  N 100 Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Аудан аумағында айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларының (алаңның бір шаршы метріне шаққанда) мөлшерлері мен біржолғы талон негізіндегі арнаулы, салық режимі бойынша кәсіпкерлік қызмет көрсететін жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құндары:
      1) базарларда тауарлар өткізу, сату, жұмыстар орындау, қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құны N 1 қосымшаға сәйкес;
      2) дүркін-дүркін сипатындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құны N 2 қосымшаға сәйкес;
      3) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін
қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларының (алаңның бір
шаршы метріне шаққанда) мөлшері N 3 қосымшаға сәйкес;
      4) аудан аумағында айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері N 4 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы отыз алтыншы сессиясының "Аудан көлемінде қолданылатын салық, төлем, акциз ставкаларының мөлшерін және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы алым талондарының құнын белгілеу туралы" N 200, 2007 жылғы 21 желтоқсандағы төртінші сессиясының "Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы отыз алтыншы сессиясының "Аудан көлемінде қолданылатын салық, төлем, акциз ставкаларының мөлшерін және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы алым талондарының құнын белгілеу туралы" (10-3-94. 10.01.07. жылы тіркелген, "Толқын" газеті N 4. 18.01.07ж.) N 200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 25, 2008 жылғы 19 ақпандағы "Арал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы отыз алтыншы сессиясының "Аудан көлемінде қолданылатын салық, төлем, акциз ставкаларының мөлшерін және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы алым талондарының құнын белгілеу туралы" N 200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 35, 2008 жылғы 8 қазандағы тоғызыншы сессиясының "Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы отыз алтыншы сессиясының "Аудан көлемінде қолданылатын салық, төлем, акциз ставкаларының мөлшерін және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы алым талондарының құнын белгілеу туралы" (10-3-94. 10.01.07ж. тіркелген, "Толқын" газеті N 4 18.01.07ж.) N 200 шешіміне, аталған шешімге өзгерістер енгізу туралы 2007 жылғы 21 желтоқсандағы төртінші сессиясының N 25 шешіміне (10-3-109. 28.12.07ж. тіркелген, "Толқын" газеті N 5 16.01.08ж.) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 65 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс он үшінші сессиясының төрағасы                     А.БАЛШАМБАЕВ

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                     Ә.ӘУЕЗОВ

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
17 ақпандағы кезекті он үшінші
сессиясының N 85 шешіміне
N 1 қосымша

Базарларда тауарлар өткізу, сату, жұмыстар орындау, қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаларға берілетін біржолғы талондардын құны     

N

Маманда-
нуы

Сауда орны (Базар аумағындағы дүңгіршектегі стационарлық үй жайлардағы оқшауланған блоктардағы сауданы қоспағанда)

2009 жылға қолданылатын бір жолғы талон құны (АЕК 1273тг)

1

Азық -түлік

Жүк автокөліктерінен азық-түлік сату

1090

2

Жеңіл автокөліктерден азық-түлік сату

545

3

Сүт, сүт өнімдерін сату

55

4

Жаймадан немесе сөрелерден азық-түлік, жеміс-жидек, көкөністер сату

165

5

Қолдан азық-түлік сату

55

6

Шашлык-гриль сату

260

7

Бақша өнімдерін (қауын-қарбыз) белгіленген орындарда сату

165

8

Газды су, сусындар, балмұздақтар мен гамбургерлер, пирожки, чебуреки сату

110

9

Салат сату

80

10

Ұн, нан, торт (кондитерлік өнімдерін)

80

11

Ет және ет өнімдері

330

12

Тартылған ет сату

110

13

Балық, құс түрлерін бүтіндей сату

220

14

Дүңгіршектерден (самса, билящи) дайындап сату

165

1

Өндіріс-
тік заттар

Жүк автокөліктерінен азық-түлік сату

1090

2

Жеңіл автокөліктерден азық-түлік сату

610

3

Сатып тұрған орындарына байланысты құрылыс заттарын сату (краска, олиф, шеге, т.с.с.)

220

4

Телевизор, радио және электр тауарларын сату

185

5

Қосалқы бөлшектер және шаруашылық өндірістік заттарын (хозтовар) сату

165

6

Автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сөреден сату

330

7

Қымбат бағалы бас киімдер сату (құлақшын)

195

8

Былғары және жазғы бас киімдер сату

115

9

Парфюмерия, галантерея тауарларын сату

115

10

Алтыннан жасалған бұйымдар сату (1 орынға)

545

11

Мереке күндері сыйлықтар дайындап сату (1 орынға)

165

12

Кілем, алаша сату

220

13

Балалар ойыншықтарын сату

115

14

Жаймада киім, носки, аяқ киім немесе сөреден киім-кешектер сату

130

15

Жабық базарларда киім сату (1 орынға)

200

16

Хрустальдан жасалған ыдыстар сату

210

17

Аудио-видео және тұрмыстық техникалар сату

210

18

Қолдан сату

75

1

Қызмет көрсету

Ет дүкеніндегі қасапшылық қызметтер көрсету

110

2

Асабалық, әншілік, камераға түсіру

545

1

Автокөлік сату

Жүк автокөліктерін сату

330

2

Жеңіл автокөліктерін сату

195

3

Мотоцикл сату

95

4

Қолданылған қосалқы бөлшектерін сату

330

1

Мал, жем шөп сату

Ірі қара сату

220

2

Басқа мал түрлерін сату

130

3

Құс және басқа да мал түрлерін сату

55

4

Мал азығын сату

170

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
17 ақпандағы кезекті он үшінші
сессиясының N 85 шешіміне
N 2 қосымша

Дүркін-дүркін сипатындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондардың құны    

N

Маманда-
нуы

Қызмет түрі (стационарлық үй жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)

2009 жылға қолданылатын бір жолғы талон құны (АЕК 1273тг)

1

Дүркін -дүркін сипат

Газеттер мен журналдар сату

55

2

Тұқым, көшет сату

75

3

Бақша дақылдарын сату

160

4

Саяжайда немесе үй маңында өсірілген тірі гүлдерді сату

75

5

Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату

110

6

Бал сату

110

7

Саңырауқұлақ сату

80

8

Сыпырғылар мен сыпыртқылар сату

80

9

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жем-шөп сату

110

10

Үй жануарларын және құстарды бағу (жаю) /1 күнге/

80

11

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетуі

330

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
17 ақпандағы кезекті он үшінші
сессиясының N 85 шешіміне
N 3 қосымша

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын салық ставкаларының (алаңның бір шаршы метріне шаққанда) мөлшері

N

Елді мекендердің түрі

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың ставкалары (теңге) (387-бапқа сәйкес 50 пайызға жоғарылатылған)

Түрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың ставкалары (теңге) (387-бапқа сәйкес 50 пайызға жоғарылатылған)

1

Аудандық маңызы бар қалалар

6,51

0,28

2

Поселкелер

1,44

0,19

3

Селолар (ауылдар)

0,72

0,13

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
17 ақпандағы кезекті он үшінші
сессиясының N 85 шешіміне
N 4 қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың
ставкаларының мөлшері

Рет
N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

8

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

35

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады