"Арал ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 106 шешімі. Қызылорда облысы әділет департаменті Арал аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 28 мамырда N 10-3-139 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 09 сәуірдегі N 156 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010.04.09 N 156 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңнамасының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Қоса берілген "Арал ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
он бесінші сессиясының төрағасы,
                     аудандық мәслихаттың хатшысы                             Ә.Әуезов

Арал аудандық мәслихатының
2009 жылғы 30 сәуірде өткен
кезектен тыс он бесінші сессиясының
N 106 шешімімен бекітілген қосымша

"Арал ауданының Құрметті азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСІ

      1. "Арал ауданының Құрметті азаматы" атағын беру - қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, облысымыздың, ауданымыздың алдындағы көп жылғы қызметін көтермелеудің бір түрі болып табылады.
      2. "Арал ауданының Құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) ауданның, облыстың, Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани, өнер, ғылым салаларының дамуына, қайрымдылық жасау қызметінде үлгі көрсетіп, азаматтар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі мен ерекше жетістіктері үшін аудан әкімінің ұсынысы бойынша Арал аудандық мәслихатының шешімімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жылына бір рет беріледі.
      3. Атақ аудан аумағында тұрмайтын азаматтарға да берілуі мүмкін.
      4. Құрметті атаққа ие болған адамға куәлік және төсбелгі беріледі және оның есімі ауданның тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын "Арал ауданының Құрметті азаматтары" кітабына енгізіледі.
      5. Куәлікті, төсбелгіні, "Арал ауданының Құрметті азаматтары"
кітабын жобалау және жасап шығару аудан әкімінің жанындағы марапаттау
комиссиясына жүктеледі.
      6. Атаққа кандидатураларды меншік нысанына қарамастан тиісті орган, мекеме, кәсіпорын, ұйым, бірлестік, серіктестіктер ұсына алады. Келген ұсынымдар аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына жолданады.
      7. Аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына
атаққа ұсынылған кандидатураға мінездеме беріледі. Онда өндірістік,
шығармашылық, қайрымдылық жұмыстардағы нақты сіңірген еңбегі,
жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, наградалары
көрсетіледі.
      8. Атаққа ұсынылған кандидатураларға ұсыныс пен мінездеме, 3x4
және 6x9 көлемдегі 2 сурет алдын ала қарау үшін аудан әкімінің жанындағы комиссияға тапсырылады.
      9. Аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының
қорытындысын ескере отырып, аудан әкімі кандидатураны аудандық
мәслихатқа ұсынады.
      10. Куәлікті және төсбелгіні аудан әкімі, аудандық мәслихаттың
хатшысы салтанатты түрде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
қатысуымен тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады