Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының тізбесі мен оларға әлеуметтік қызмет көрсету қағидасына келісім беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 сәуіріндегі N 100 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 05 маусымда N 10-3-140 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі N 172 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010.07.28 N 172 Шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7-бабының 3-тармағының 4-тармақшасын және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 61 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМI3:
      1. Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 61 қаулысымен айқындалған ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының тізбесі N 1 қосымшаға сәйкес келісілсін.
      2. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің қағидасы мақұлдансын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
он бесінші сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
Ә.Әуезов

кезектен тыс он бесінші
сессиясының N 100 шешіміне
N 1 қосымша

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының
ТІЗБЕСІ

      1. Жоғарыда аталған еңбек ақы көлемін көтеруге жататын мамандар тізбесіне:
      1) білім беру мекемелерінде:
      мемлекеттік білім беру органдарының ұстаздары (мекеме басшылары, мекеме басшыларының орынбасарлары (шаруашылық жағынан орынбасарларынан басқасы), бала бақша меңгерушілері, үйірме басшылары, бар мамандықтар бойынша мұғалім және ұстаздар, еңбек және өндірістік нұсқаушылары, жаттықтырушы-мұғалім, әдіскерлер, тәрбиешілер, кітапханашылар, мәдени-ұйымдастырушылар, аккомпанияторлар, әуез басшылары, медбикелер.
      2) денсаулық сақтау мекемелерінде:
      мамандар, дәрігерлер (лауазымдық атауларына қарамастан ); провизорлар; дәрігерлік лауазымда жұмыс атқаратын жоғары медицианалық емес білімі бар адамдар; лауазымдық атауларына қарамастан медициналық және фармацевтік орта білімді қызметкерлер; денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары; дәріхана басшылары және олардың орынбасарлары; тиісті білімі бар денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс атқаратын мұғалімдер және тәрбиешілер).
      3) мәдениет мекемелерінде:
      мамандар (мекеме басшысы; орынбасарлары; көркем жетекшілері; негізгі қызмет бойынша бас мамандар, бөлім және сектор меңгерушілері; бөлімше меңгерушілері (басшылары); кітапханашылар; библиографтар; экскурсия жетекшілері; дәріскерлер; киномеханиктер; клуб меңгерушілері; баянистер; музейдегі ғылыми қызметкерлер, мұрағатшылар.
      4) халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде:
      жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік бөлімшелерінің меңгерушілері, кеңесшілері, әлеуметтік қызметкерлері.
      5) спорт мекемелерінде;
      мекеме басшылары, олардың орынбасарлары, жаттықтырушылар.

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің
      ҚАҒИДАСЫ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс атқаратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда жұмыс атқаратын осындай мамандармен салыстырғанда 25 пайызға жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленеді.
      2. Жоғарыда аталған тарифтік қызметақы мөлшерлемесінің көбеюі мемлекеттік басқару органдарына жүрмейді.
      Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларының көбеюі барлық жағдайда пайыздық өлшеммен қаралады, нақты көбею көлемі лауазымдық жалақыдан (тарифтік мөлшерлемеден) басқа да көбеюлер, үстем ақы мен төлемдерді есептемей саналады.
      3. Ауылдық жерде тұратын және жұмыс атқаратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бекітілген мөлшерде беріледі.
      Әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына қарамастан ауылдық жерде тұратын және жұмыс атқаратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарының отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек алуға құқықтары бар. Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жылына бір мәрте беріледі. Егер ағымдағы жылда көмек алушы өтініш жасамаса, онда осы жылда алмаған әлеуметтік көмегі қарыз ретінде келесі жылға өтпейді және берілмейді.
      Отын сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмектің тағайындауы және төлеуі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы төмендегі құжаттар негізінде беріледі:
      1) көмек алушының өтініші;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жұмыс орнынан анықтама;
      4) тұрғылықты жерін анықтайтын құжат (анықтама)
      Құжаттарды дайындау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құрған комиссия арқылы жүргізіледі. Арыз барлық қажетті құжаттармен қоса комиссияда қаралады, комиссия шешімі арыз иесіне хабарланады. Қарсы болған жағдайда себебі көрсетіледі.
      Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссияның шешіміне сәйкес әлеуметтік көмек алушылардың есебін жүргізеді.
      Әлеуметтік көмектің мөлшері жыл сайын бекітіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 135 Шешімімен.
      4. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім  беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
       Ескерту. 4-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 135 Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады