Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010.07.28 N 172 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7-бабының 3-тармағының 4-тармақшасын және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 30 сәуіріндегі кезектен тыс он бесінші сессиясының N 100 шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-3-140 нөмерімен 05.06.09ж тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 20.06.09ж N 48 санында жарияланған) бекітілген "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасына" төмендегіше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қағиданың 3-тармағының бірінші, екінші, үшінші абзацтарындағы "көмір сатып алу" деген сөздер "отын сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қағиданың 3-тармағының екінші абзацындағы "Егер отбасында бірнеше мүшесінің аталған әлеуметтік көмекке құқы бар болса, онда көмек отбасының бір ғана мүшесіне беріледі" деген сөздер алынып тасталсын;
3) Қағида "Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі" деген 4-тармақпен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
он бесшші сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
Ә.Әуезов