Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал қаласы әкімінің 2012.10.18 N 531 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі жанындағы ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 14 қазандағы N 2 хаттамалық Қаулысын және ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 14 қазандағы N 2 Ұйғарымын жүзеге асырып, Арал қаласындағы бір көшені Нұрулла Бағысбаев атауымен өзгерту мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Арал қаласындағы "РК Милиция" көшесі "Нұрулла Бағысбаев" көшесі атауымен өзгертілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Арал қаласының әкімі А. Үмбетов