Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2013.01.31 N 42 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына сәйкес Қазалы аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкаларының
мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы ХІІ сессиясының "Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең
жоғарғы базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" N 108 шешімі жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХІІІ
сессиясының төрағасы Т. Әбдіқадыров
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Бөріқұлақов
2009 жылғы 31 қаңтардағы
N 115 нормативтік құқықтық кесімге
қосымша
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкаларының
МӨЛШЕРІ
N |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (АЕК) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
3 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |