Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.01.28 N 47 Қаулысымен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын басшылыққа ала отырып, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына және "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 Қаулысына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданда шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын және 2-қосымшаға сәйкес 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
3. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша өкілі К.Азировтен (келісім бойынша):
1) аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссиясын құру;
2) медициналық комиссияны қажетті құралдармен, медициналық, шаруашылық мүлікпен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау сұралсын.
4. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (К.Утеев, келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіру, көпшілік шоғырланатын орындарда және шақырылғандардың жүру маршруттарында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция нарядтарының қажетті санын бөлу ұсынылсын.
5. "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды жинау бойынша жұмыстарын бақылау мен қалыптастыруды ұйымдастыру сұралсын.
6. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдері "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы азаматтардың әскери қызметке шақырылуын жүргізудi ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге жәрдемдессін.
7. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Айтуғанов) 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруға жататын азаматтарға хабарлау және құжаттарды ресімдеу жұмыстарын орындау үшін ақылы қоғамдық жұмыс есебінен жұмыссыз адамдарды бөлуді ұйымдастырсын.
8. "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) атқарылған жұмыстардың қорытындысымен 2009 жылдың 7 шілдесіне және 2010 жылдың 10 қаңтарына аудан әкіміне ақпарат беру ұсынылсын.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Т.Жүсіповке жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ А.КӨШЕРБАЙ
КЕЛІСІЛДІ:
"Қызылорда облысының Ішкі істер
Департаменті Қазалы ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы К.Утеев
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Шаймерденов
"Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша
өкілі К.Азиров
Қазалы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 сәуірдегі
N 55 қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының
Қ Ұ Р А М Ы
Шаймерденов Бақытқали Базарбайұлы |
- |
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; |
Алдажаров Аманжол Исатайұлы |
- |
"Қазалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері: | ||
---|---|---|
Алданазарова Зауре Тілекқызы |
- |
"Қазалы аудандық консультативтік- диагностикалық емхана" мемлекеттік мекемесінің мейіркеші, комиссия хатшысы (келісім бойынша); |
Жұбатқан Қаныш Аманшаұлы |
- |
"Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Қорғанов Нұрлан Тлепбайұлы |
- |
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт әскери қызметшілерін жинақтау және шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша); |
Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы |
- |
"Қазалы аудандық консультативтік- диагностикалық емхана" мемлекеттік мекемесінің жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); |
Тлеумбетова Айгүл Үсейнқызы |
- |
"Психологтік-дәрігерлік- |
Қазалы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 сәуірдегі
N 55 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Р/сN |
Елді мекен атаулары |
Шақыру комиссиясының жұмыс күндері |
|||||
сәуір |
мамыр |
маусым |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
||
1 |
Әйтеке би кенті |
27,28, 30 |
11,12,13, 15,20,22,25 27, 29 |
2, 4, 5, 9,11,16,17,23, 22 |
1, 6, 9, 13,15, 16, 20, 23, 29, 30 |
2,3,6,9,10, 13, 16, 17, 20, 25, 26 |
2,4,7,8, 9,14,16, 18,21,22 |
2 |
Қазалы қаласы |
20,29, 30 |
14,21,26, 28,29 |
3,5,10, 11, 17, 19, 22 |
1, 8, 13, 15, 19, 21, 28, 31 |
4,11,18, 23, 25, 30 |
2, 9, 19, 23,22,24 |
3 |
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі |
28, 29 |
14, 22 |
5, 10, 23, 24 |
2, 9, 14, 26 |
6, 12, 20, 30 |
2, 11, 18 |
4 |
Сарыкөл ауылдық округі |
||||||
5 |
Қарашеңгел ауылдық округі |
28, 29 |
13, 15, 20, 21 |
9, 12, 16, 18 |
2, 6, 15,20,21 |
3, 6, 10,17, 30 |
8, 11, 25 |
6 |
Құмжиек ауылдық округі |
||||||
7 |
Басықара ауылдық округі |
||||||
8 |
Көларық ауылдық округі |
30 |
12, 20, 29 |
3, 9, 22 |
9, 14, 23, 28 |
6, 9,17,23 |
3, 10, 25 |
9 |
Арықбалық ауылдық округі |
||||||
10 |
Майдакөл ауылдық округі |
30 |
5, 14, 22, 28 |
2, 23, 30 |
1, 6, 16, 20 |
3, 17, 30 |
1, 8, 25 |
11 |
Алға ауылдық округі |
||||||
12 |
Ақжона ауылдық округі |
||||||
13 |
Бірлік ауылдық округі |
29 |
8, 14, 21 |
10, 23, 24,30 |
2, 9, 14,26 |
6, 12, 20, 30 |
2, 11, 18 |
14 |
Өркендеу ауылдық округі |
||||||
15 |
Аранды ауылдық округі |
||||||
16 |
Бозкөл ауылдық округі |
29 |
7, 14, 22 |
4, 10, 25 |
12, 15, 23 |
3, 12, 25 |
11, 15 |
17 |
Қызылқұм ауылдық округі |
||||||
18 |
Тасарық ауылдық округі |
||||||
19 |
Майлыбас ауылдық округі |
28,29 |
4, 13, 22 |
5, 9, 25 |
2, 8, 15 |
3, 11, 18 |
1, 8,24 |
20 |
Сарбұлақ ауылдық округі |
||||||
21 |
Шакен ауылдық округі |
"2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің қаулысына
КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ
Қорғанов Нұрлан Тілепбайұлы |
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт әскери қызметшілерін жинақтау және шақыру бөлімшесінің бастығы |
|
Әбілбай Қуанышбай Әбдікенұлы |
"Қазалы аудандық консультативтік- диагностикалық емхана" мемлекеттік мекемесінің жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы |
|
Жұбатқан Қаныш Аманшаұлы |
"Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары |
|
Алданазарова Зауре Тілекқызы |
"Қазалы аудандық консультативтік- диагностикалық емхана" мемлекеттік мекемесінің мейіркеші, комиссия хатшысы |
|
Тлеумбетова Айгүл Үсейнқызы |
"Психологтік-дәрігерлік- педогогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі |