Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2010.11.08 N 311 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 2-19-680 санды ұсынысының негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы, Арықбалық ауылдық округінде қой және ешкі малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (Б.Пірманов, келісім бойынша) бруцеллез ауруының таралуына жол бермеуге және жоюға бағытталған ветеринариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.
3. "Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (С. Меңдібай) мүдделі органдармен бірлесе отырып тиісті шараларды ұйымдастырсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А.Рыстығұлға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ А.КӨШЕРБАЙ
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Қазалы аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б.Пірманов________________