Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 07 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 19 қаңтарда N 10-4-110 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 04 ақпандағы N 52 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011.02.04 N 52 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеу "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, N 88 үйде орналасқан ғимаратында өткізілсін.
      2. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округ әкімдерінен және ұйымдардың басшыларынан әскери есепке тіркеуге жататын азаматтарды "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар ету және олардың дер кезінде келуін, қамтамасыз ету сұралсын.
      3. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (К.Утеев, келісім бойынша) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiру мен ұстауды және азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша өкілі К.Азировтен (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесін қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, сондай-ақ тіркелуге тиіс азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін дәрігер-мамандармен және медбикелермен қамтамасыз ету сұралсын.
      5. "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) 2010 жылдың 10 сәуіріне дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы аудан әкіміне анықтама ұсынсын.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Т.Жүсіповке жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                             Б. Бисембаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қызылорда облысының денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің Қазалы ауданы бойынша
      өкілі К.Азиров ___________________

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қызылорда облысы Қазалы ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б.Шаймерденов ______________

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қызылорда облысының Ішкі істер
      Департаменті Қазалы ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы, полиция майоры
      К.Утеев_____________________
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады