"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 75 Заңы

       1-бап.  "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж., N 4, 24-құжат; N 18, 142-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "ротация - мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.";

      2) 5-бапта:
      1-тармақта:
      8) тармақша "қызметшiлердi" деген сөзден кейiн "даярлауды," деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1), 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келiсiм беру;";

      "14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";

      3) 10-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;";

      4) 12-бапта:
      2-тармақта:
      "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң", "мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттiк қызметшiнiң", "мемлекеттiк қызметшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алынбаған тәртіптiк жазасы болған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.";

      5) 14-бапта:
      9-тармақ "уәкілеттi орган" деген сөздерден кейiн "және оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтағы "конкурс өткен кезден" деген сөздер "оларды тiркеу күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн.";

      7) 16-бап мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды.";

      8) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Ротация

      Мемлекеттiк қызметте мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкiн. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялаудың тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.";

      9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Мемлекеттiк қызметтің кадрлар резервi

      1. Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi қалыптастырылады.
      2. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.";

      10) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;";

      10) тармақшадағы "еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "қызметтен" деген сөз алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң, 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2) тармақшасының жетiншi және сегiзiншi абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады