Жаңажол, Иіркөл ауылдық округтеріне шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 487 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 26 наурызда N 10-5-106 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 632 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009.09.30 N 632 қаулысымен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңажол, Иіркөл ауылдық округтеріндегі жануарларда жұқпалы бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шаралары енгізілсін.
      2. Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша), Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша), Қармақшы аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша), Қармақшы аудандық емхана мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген жұмыстарды атқару ұсынылсын.
      3. Аудандық "Қармақшы таңы" газеті редакциясы баспасөз бетінде жұқпалы бруцеллез ауруынан сақтандыру туралы мамандардың ветеринариялық және санитарлық кеңестерін жариялап отырсын.
      4. Аудан әкімдігінің 31 желтоқсан 2008 жылғы N 435 қаулысы жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Тоғызбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Б. Қаюпов

"КЕЛІСІЛДІ"

Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы                                 Қ. Тиынов

16 ақпан 2009 ж.

"КЕЛІСІЛДІ"

Аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік ветеринариялық
инспекторы                                             Ж. Абдуллаев

16 ақпан 2009 ж.

"КЕЛІСІЛДІ"

Аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы                                  Қ. Дәуітбаева

16 ақпан 2009 ж.

"КЕЛІСІЛДІ"

Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы                                      А. Утегенов

20 ақпан 2009 ж.

"КЕЛІСІЛДІ"

Аудандық орталық
емхананың бас дәрігері                                 Б. Нысанбаев

16 ақпан 2009 ж. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады