Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Ауданның тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Айекеновке жүктелсін.
3. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов