Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009.07.15 N 19-6 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне салынатын бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Жалағаш ауданы бойынша салық салу объектілерінен айына алынатын тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 13-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-112 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2009 жылғы 7 қаңтардағы N 1 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XVІІ-сессиясының төрағасы А. МЫХАНОВА
Аудандық мәслихат хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ
2009 жылғы 29 сәуірдегі N 17-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
Жалағаш ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне салынатын бірыңғай тіркелген салық ставкалары
N | Салық салу объектісінің атау | Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |