Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 09 қазанда N 10-6-127 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 11-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.09.26 N 11-6 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабының 3-тармағына және 18 бабының 5-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығы бекітілсін.
      Ескерту. Атауы мен 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2011.08.31 N 45-3 шешімімен.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XХ-сессиясының төрағасы                      Б. АМИТОВ

      Аудандық мәслихат хатшысы                    К. СҮЛЕЙМЕНОВ

2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-3
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығы

      Ескерту. Нұсқаулыққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2011.08.31 N 45-3 шешімімен.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтейтін өтемақының төленуін реттейді.
      2. Нұсқаулықты қабылдаудың құқықтық негізі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдары болып табылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2011.08.31 N 45-3 шешімімен.

2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

      3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылады.

3. Отын сатып алу үшін өтемақы төлеу тәртібі

      4. Өтемақы төлемі жылына бір рет ақшалай түрде ұсынылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 23-6 шешімімен.
      5. Отын сатып алу өтемақысына үміткер "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі;
      3) тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы) көшірмесі;
      4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
      5) жұмыс орнынан анықтама.

4. Өтемақы төлемін қаржыландыру

      6. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алу үшін өтемақы төлеу шығындарын қаржыландыру "Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету" 451-004 бюджеттік бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен бөлінеді.

5. Төлемді жүзеге асыру тәртібі

      7. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілген мөлшердегі ақша қаражаттарын өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына аударады.

6. Төлемнің жүзеге асырылуын бақылау

      8. Әлеуметтік төлемдерді берілуі жөніндегі бақылау мен есеп беру қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады