Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 27 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жастар практикасын ұйымдастырудың мәселелері туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 827 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 22 мамырда N 10-6-125 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 мамырда N 42 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жастар практикасынан өткізуді ұйымдастырудың тәртібінде:
13-тармақтағы "қайтаруға міндетті" деген сөздер "қайтарады" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтағы "беруге міндетті" деген сөздер "беру қажет" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы баспасөз бетінде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Ө. ШАМЕНОВ