Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Қағидасы мен коммуналдық шығындар мөлшерінің нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 162 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 30 қазанда N 10-7-82 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 05 наурыздағы N 204 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2010.03.05 N 204 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі N 381 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Қағидасы 1-қосымшаға, коммуналдық шығындар мөлшерінің нормалары 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХVІІІ сессиясының төрағасы                 Б. ТОҚТЫБАЕВ

      Аудандық мәслихат хатшысы                  С. ДҮЙСЕБЕКОВ

       Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
      25 қыркүйектегі кезекті ХVІІІ сессиясының
N 162 шешіміне N 1-қосымша

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру
ҚАҒИДАСЫ

      Қағида Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік
қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңына сәйкес әзірленген.
      Осы ереже аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық шығындарды тұрғын үй көмегімен өтелуін анықтап береді.

1. Жалпы ереже

      Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1. Үй шаруашылығы – бірге тұратын және тұрғылықты бір жерде тіркелген, өздерінің табыстары мен мүлкін біріктірген және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін, оның ішінде тұрғын үй мен
тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдар тобы. Үй шаруашылығы бір адамнан тұруы мүмкін.
      2. Учаскелік комиссия - Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған
үй шаруашылықтарының материалдық жағдайына тексеру үшін тиісті
әкімшілік–аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      3. Уәкілетті мемлекеттік орган – аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
      4. Тұрғын үй көмегі халықтың аз қамтылған жігіне тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну, тұрғын үйді жалға алу жөніндегі
шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтемақы. Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық
қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон
үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін
тұтынуға ақы, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар
қолданады.
      5. Тұрғын үй көмегі аудан орталығында және ауылдық округтерде
тұрғылықты мекен жайда тұратын адамдарға, егер тұрғын үйді күтіп
ұстауға шыққан шығын, тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде белгіленсе, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметі
тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық
қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегінде үлесі белгіленген пайыз
мөлшеріндегі отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
      6. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының
мөлшері тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламалы.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      1. Тұрғын үй көмегі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі арқылы беріледі.
      2. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғалар тұрғын үй алу құқығынан айрылады.
      3. Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам
уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратураны қоса алғанда,
күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      1. Тұрғын үй көмегі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі арқылы азаматтарға атаулы ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтер (газ,электр энергиясы,су, жылу (көмір), қоқыс, канализация) үшін әр отбасына белгіленген нормадан аспауы тиіс.
      2. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы бөлімге 10 күн ішінде хабардар етеді.

4. Тиісті құжаттар тізбесі

      1. Құжаттарды өтiнiш берушінің өзi толтырады және жеке басының куәлiгi мен әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiгiн
көрсете отырып, оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село)
әкiмiне тапсырады.
      1) Тұрғын үй көмегін алуға өтініші;
      2) Отбасының құрамы туралы мәлімет;
      3) Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 200__ жылғы ___ тоқсанда тапқан табысы туралы мәліметтер;
      4) Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәлімет; (2-қосымша)

5. Тұрғын үй көмегінің тағайындалу тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегінің тағайындалу туралы шешім тұрғын үй иесінің өткізген құжаттары негізінде 10 күн ішінде тағайындалады.
      2. Уәкілетті орган немесе ауыл әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін беру қажеттілігі туралы қорытындылар дайындауды және олардың отбасыларының материалдық жағдайын 3 күнде тексеру жүргізуді тапсырады.
      3. Учаскелік комиссиялар тұрғын үй көмегін беру қажеттігі туралы қорытындысын уәкілетті орган немесе кент, ауыл әкіміне береді.
      4. Ауыл әкімі өтініш берушілердің құжаттарды қабылдап алған
күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен қоса уәкілетті органға 7
күн ішінде тапсырады.
      5. Уәкілетті орган құжаттарды өтініш берушіден, ауыл әкімінен
қабылдап алған күннен бастап, он күн ішінде оларды қарайды және
тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, бұл туралы ауыл, кент әкімдеріне жазбаша хабарлайды (бас тартқан жағдайда), оның тағайындалмау себебін көрсетеді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін
атқарушы адам қол қояды.
      7. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы
тоқсанға тағайындалады.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындауды тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде Уәкілетті орган (кент,ауыл әкімдері) жүзеге асырады.
      9. Ауыл әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап,оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса Уәкілетті органға жібереді.
      10. Үй шаруашылығының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішіндегі жиынтық табысын уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгіленген
тәртіппен есептейді.
      11. Дәлелді себепсіз ұсынылған лайықты жұмыстан бас тартқан,
қоғамдық жұмыстарға,оқуға қатысуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыз
мүшесі болып табылатын үй шаруашылығы тұрғын үй көмегін алу құқығына бас тартқан күнінен үш айға жоғалтады.
      12. Тұрғын үй көмегі осы аудан көлемінде тұратын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы) болып табылатын жеке
тұлғаларға тағайындалады.
      13. Бөлімге жалған мәліметтерді әдейі бергені, соның әсерінен жоғары немесе заңсыз өтемақы тағдайындалған болса, қолданыстағы заңға сәйкес алушы алты ай бойы көмек алу құқынан айрылады. Ал тұрғын үй
көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
      14. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін төлемі мен осы отбасының бұл
мақсаттарға жұмсайтын шығындардың жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

6. Жиынтық табысты есептеу тәртібі

      1. Үй шаруашылығы отбасының жиынтық орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына Қазақстан Республикасы "Неке және отбасы туралы" Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата – аналары, басқа да туысқандарды, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар жалға алушымен (меншік иесімен) бірге
тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер.
      2. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
      әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке
шақырылғандар;
      бас бостандығынан айырылғандар;
      интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
      3. Үй шаруашылығындағы отбасы құрамы және оның табысының
деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.
      4. Үй шаруашылығының отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай түрде алынған барлық табыстың түрлері есептелінеді. Бұл орайда отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда.

7. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыру көздері

      1. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
      тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік – нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестік қорғау басқармасы мен басқа да уәкілетті органдардың
бақылауымен жүргізіледі.
      2. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері жауап береді. Белгіленген үлгідегі толтырылатын құжаттармен уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

8. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау

      1. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау құқығы бюджет мүмкіндігіне қарай, жергілікті өкілетті органдарға берілді.

Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
      25 қыркүйектегі кезекті ХVІІІ сессиясының
      N 162 шешіміне N 2-қосымша

Жаңақорған ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларына коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй
      көмегінің коммуналдық шығындар мөлшерінің нормалары

      1. Электр энергиясына пайдаланғаны үшін:
      3 адамы бар отбасына айына 100 квт/сағ
      3 адамнан асқан отбасына айына 150 квт/сағ

      2. Газ пайдаланғаны үшін:
      3 адамы бар отбасына айына 10 кг
      3 адамнан асқан отбасына айына 20 кг

      3. Ауыз су жабдықтау және канализация пайдаланғаны үшін:
      3 адамы бар отбасына айына 3,0 м 3
      3 адамнан асқан отбасына айына 5,0 м 3

      4. Отын /көмір/пайдаланғаны үшін/:
      3 адамнан жоғары отбасына тоқсанына 3 тоннадан аспауға
      3 адамы бар отбасына тоқсанына 2 тоннадан аспауға.

      5. Қоқыс әкету тұрғындар санына қарай.

      Ескерту: ағаш отын пайдаланатын елді мекендер үшін шығын көмір бағасымен баламалы түрде төленеді.

      Тұрғын үйді күтіп ұстауға коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады