Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру қағидасы мен коммуналдық шығындар мөлшерінің нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 05 наурыздағы N 204 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 09 сәуірде N 10-7-94 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы N 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012.06.12 N 53 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына 7 бабының 5 тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Қағидасы 1-қосымшаға, коммуналдық шығындар мөлшерінің нормалары  2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін беру Қағидасы мен коммуналдық шығындар мөлшерінің нормаларын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 162 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 30 қазанда N 10-7-82 санымен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2009 жылғы 14 қарашада N 91 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың
      кезектен тыс XXV
      сессиясының төрағасы,
      Аудандық Мәслихат хатшысы                      С. ДҮЙСЕБЕКОВ

Аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы
      5 наурыздағы кезектен тыс XXV
      сессиясының N 204 шешіміне
N 1 қосымша

Жаңақорған ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 және "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулыларына сәйкес аудан халқына тұрғын үй көмегін көрсетуге байланысты әзірленген.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қағида да мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      Үй шаруашылығы - бірге тұратын және тұрғылықты бір жерде тіркелген, өздерінің табыстары мен мүлкін біріктірген және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін,оның ішінде тұрғын үй мен тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдар тобы. Үй шаруашылығы бір адамнан тұруы мүмкін.
      Учаскелік комиссия - Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған үй шаруашылықтарының материалдық жағдайына тексеру үшін тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия. отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы кірістерінің жалпы сомасы; уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) жөніндегі шығындардың орнын толтыруға өтемақы ретінде беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі белгіленген нормативтер шегіндегі тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұтынылған коммуналдық қызметтердің және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметінің төлеміне шыққан шығындар отбасының жиынтық табысының белгіленген шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асқан жағдайда көрсетіледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерін тұтынуға, қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін нормалар шегіндегі нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аудан тұрғындары үшін 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламалы.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтер (газ, электр энергиясы, су, жылу(отын) қоқыс кәріз жүйесі) үшін әр отбасына белгіленген нормадан аспауы тиіс.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мынадай құжаттармен өтініш жасайды.
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; СТН, ӘЖК
      2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      4) отбасының барлық мүшелерінің табысы туралы мәлімет;
      5) жұмыссыздар уәкілетті органдарынан жұмыссыздығы жөнінде анықтама;
      6) жеке қосалқы шаруашылық туралы мәлімет;
      7. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
      8. Тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші құжаттарын кенттің, ауылдық округтің әкіміне тапсырады.
      9. Кенттің, ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын оларды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға тапсырады.
      10. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган тиісті шешім шығарғаннан кейін бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      11. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы уәкілетті органды он күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      Уәкілетті органға жалған мәліметтерді әдейі бергені, оның әсерінен жоғары немесе заңсыз өтемақы тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы көмек алу құқығынан айырылады, ал, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      12. Тұрғын үй көмегін алу құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалып төленеді.
      Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтері үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызметтер мөлшері мен тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізеді.
      14. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      15. Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді, 80 жастан асқан адамдарды күтумен немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындардан, 1 айдан астам уақыт стационарлық емделуде жатқандардан және 14 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар аналардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

3. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй көмегі есептелетін қызметтер

      16. Қызмет түрлері:
      1) электр қуатымен қамтамасыз ету;
      2) сумен жабдықтау;
      3) орталықтандырылған және баллонды газбен қамтамасыз ету;
      4) қатты отын (көмір);

4. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері

      17. Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына:
      Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер жатады.
      18. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
      1) әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
      2) бас бостандығынан айырылғандар;
      3) интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
      4)мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
      19. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.
      20. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай түрде алынған төмендегі табыстың түрлері есептелінеді:
      1) жалақы түріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын, ұйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
      2) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, кәсіпорын қорларынан төленетін зейнетақылар; шәкіртақылар; мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; қаржыландыру көзіне қарамастан жәрдемақылардың басқа түрлері;
      3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      4) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган облыстық статистика басқармасы ұсынған орта жылдық бағасынан жинақталған өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы туралы мәліметке сүйеніп әзірленген нормативтік карточка негізінде;
      6) қатты отынның бағасы облыстық статистика басқармасы және тиісті орындар ұсынған орта жылдық бағамен есепке алынады;
      7) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен түсетін табыс; Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады. Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қоса алғанда ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      8) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары.
      Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
      9) балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
      10) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға арналған әлеуметтік көмек;
      11) қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындардың тыңдаушыларына төленетін шәкіртақы;
      12) жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін әлеуметтік көмектердің басқа түрлері.
      21. Отбасының жиынтық табысына мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік біржолғы жәрдемақылар;
      2) ақшалай және заттай түрдегі қайырымдылық көмек;
      3) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
      4) тегін тамақтандыру мен білім беру ұйымдарында білім беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін көмек;
      5) төтенше жағдай салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.

5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      22. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржыландыру жергілікті атқарушы органының тиісті қаржылық жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      23. Тұрғын үй көмегінің төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы көмек алушылардың жеке шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүзеге асырылады.
      24. Тұрғын үй көмегін алушы отбасыға осы ереженің 1-5 қосымшаларына сәйкес, белгіленген үлгідегі құжат бланкілері жергілікті бюджет есебінен тегін беріледі.

6. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау.

      25. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау құқығы бюджет мүмкіндігіне қарай, жергілікті өкілетті органдарға беріледі.

Аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы
      5 наурыздағы кезектен тыс XXV
      сессиясының N 204 шешіміне
      N 2 қосымша

Жаңақорған ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларына коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегінің коммуналдық шығындар мөлшерінің нормалары

      1. Электр энергиясын пайдаланғаны үшін:
      3 адамы бар отбасына айына 100 квт/сағ
      3 адамнан асқан отбасына айына 150квт/сағ

      2. Газ пайдаланғаны үшін:
      3 адамы бар отбасына айына 10 кг
      3 адамнан асқан отбасына айына 20 кг

      3. Ауыз су жабдықтау және канализация пайдаланғаны үшін:
      3 адамы бар отбасына айына 3,0 мз
      3 адамнан асқан отбасына айына 5,0 мз

      4. Отын / көмір / пайдаланғаны үшін /:
      3 адамнан жоғары отбасына тоқсанына 2,5 тоннадан аспауға
      3 адамы бар отбасына тоқсанына 1,5 тоннадан аспауға.

      5. Қоқыс әкету тұрғындар санына қарай.

      Ескерту: ағаш отын пайдаланатын елді мекендер үшін шығын көмір бағасымен баламалы түрде төленеді.
      Тұрғын үйді күтіп ұстауға коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады