Жаңақорған ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 163 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 30 қазанда N 10-7-83 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы N 53 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012.06.12 N 53 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына311 бабына Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 388 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақорған ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      ХVІІІ сессиясының төрағасы                    Б. ТОҚТЫБАЕВ

      Аудандық Мәслихат  хатшысы                    С. ДҮЙСЕБЕКОВ

Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
      25 қыркүйектегі кезекті ХVІІІ
      сессиясының N 163 шешіміне
қосымша

Жаңақорған ауданы аумағында иттер мен мысқтарды ұстау Ережелері

1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Ереже Жаңақорған ауданының елді мекендерінде Жаңақорған ауданының аумағында үй жануарларды ұстауға регламенттеу мақсатында әзірленеді, (бұдан әрі-Ереже) әсіресе иттер мен мысықтарды және жеке және заңды тұлғаларға осы ережені бұзғаны үшін "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілік белгілейді.
      2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтарды ұстайтын меншіктеріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
      3. Осы Ереже "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

2. Иттер мен мысықтардың иелерінің жауапкершілігі

      4. Иттер мен мысықтардың иелеріне төменде көрсетілген шарттарды ұстансын:
      1) жануарларды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға жануарларды адамгершілікпен қарауға, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға, ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринар көмегіне сүйенуге;
      2) осы Ережеге сәйкес жануарларды тиісті ұстауды қамтамасыз ету;
      3) тыныштықты ұстану, санитарлық ережелерді, айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажетті шараларды қабылдау;
      4) иттерді серуенге осы мақсаттар үшін тек қана арнайы белгіленген орындарға шығару;
      5) жалпы пайдалану орындарын ластануын жою;
      6) жануар адамдарды қауып алса, сондай-ақ адамдарды немесе жануарларды сілекейленсе және тырналанса, олардың иелері ол туралы жақын маңайдағы медициналық, ветеринарлық мекемеге тұратын орын бойынша тез арада хабар беруге керек және де ол ветеринар маманның бақылауына алынып карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға апарылуы тиіс;
      7) жануарлардың өлген өлексесін жоюды қамтамасыз ету. Жануар өлген жағдайда, оларды жерлеуге тек қана мал қорымы аумағында жүзеге асырылады.
      8) жануарларға тыйым тәртібін ұстануға керек, белгіленген мерзімде міндетті ветеринарлық шараларды өткізу;
      9) күзетші иттерінің иелері, қарайтын әр түрлі тегінің аумақтарын, обьектерін аумаққа шығуда, ескертетін жазу орналастыру қажет.

3. Жануарлар иелерінің құқығы

      5. Кез келген жануар қожасының меншігі болып табылады, кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

4. Иттер мен мысықтарды ұстау

      6. Рұқсат етеді:
      1) жануарларды тұрғын жайларда, оның ішінде пәтерлерде ұстауға;
      2) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамах көшеге, аулаға басқа да қоғамдық орындарға шығаруға;
      3) айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдай сақталған болса, ит пен мысықтарды көліктің кез келген түрімен алып жүруге.
      7. Рұқсат етілмейді:
      1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас азаматтарға әр тұқымды иттерді қыдыртуға және де итпен шығуға;
      2) жануарларды жалпы пайдаланымдағы жерлерге: кіреберістерде, төбелерде шатырдың астыларында, баспалдақ алаңдарында, аулада көп қабатты үйлерде ұстауға;
      3) ашық балкондарда және лоджияларда жануарлар ұстауға;
      4) кіреберістерді, баспалдақ алаңдарын, спорт алаңдарын, балалар алаңдарын, көгалдарды, труатуарларды парктер мен саябақтардың аумағын ластауға рұқсат етілмейді, егер жануар нәжіс тастаса ол жерді жануар иесімен тазаланады;
      5) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнына, сауда залдары мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және әкелуге;
      8. Ит пен мысық иелеріне үй жануарларын санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін ұстану қажет.
      9. Иттерді ұстауда ауладағы кіретін есікте, қақпада ескерті жазуын орналастыру қажет, айналадағыларға алаңдаушылық туғызудың мүмкіндігін және қауіп-қатерін туғызатын жағдайларды болдырмайтын жағдайда айналадағылар үшін иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмеген.
      10. Дүкендердің емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына жануар иелерінің уақытша байлап қойған жануарлардан басқа қоғамдық орындарда бірге жүретін тұлғасыз жүрген ит пен мысықтар қараусыз деп есептелінеді және де ондай жануар аулануға жатады.

5. Иттер мен мысықтар иелерін жауапкершілікке тарту

      11. Иттер мен мысықтардың ұстау Ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 311 бабына сәйкес жануарлардың иесі жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады