Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010.11.11 N 46 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында аудан көлемінде 1993 жылы туылғандар мен бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (С.Әлімбетов, келісімі бойынша) сұралсын.
2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. Аудандық білім бөліміне (Ж.Бердиманов) тіркеуден өтетін оқушы балалардың бекітілген кестеге сәйкес аудандық әскерге шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз ету және тіркеу комиссиясына техникалық көмек көрсететін мекемелердің тізімін бекітіп, олардың жұмысын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. "ҚЭТЖК" АҚ-ның аудандық филиалынан (Е.Құрышжанов, келісімі бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратына тіркеуге алу комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығын тұрақты беріп тұруды қамтамасыз ету сұралсын.
5. Аудандық ішкі істер бөлімінен (П. Нәлібаев, келісімі бойынша):
1) тіркеуге алуды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
2) азаматтардың тіркеуге келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
3) тіркеуге келмеген азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуін тапсыру сұралсын.
6. Аудандық емхананың бас дәрігері (С. Ысқақов, келісімі бойынша):
1) медициналық комиссияның құрамына бекітілген маман-дәрігерлер мен медбикелердің аудандық әскерге шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарына тұрақты қатысуын қамтамасыз ету;
2) шақыру бөлімшесін қажетті дәрі-дәрмектерімен, дәрігерлік құрал жабдықтармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы N 100 бұйрығына сәйкес қамтамасыз ету сұралсын.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық емханасының бас дәрігері
Ысқаков Сәулебек
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Нәлібаев Пазылбек
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
Әлімбетов Сабырхан
"КЕЛІСІЛДІ"
"ҚЭТЖК"-тің аудандық филиалының директоры
Құрышанов Еркін