Аудан көлемінде тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қарашадағы N 46 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 08 желтоқсанда N 10-7-119 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.12.20 N 67 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Жаңақорған ауданы бойынша 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 2011.04.05 N 59 шешімімен.
      2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      3. Аудандық білім бөліміне (Ж.Мүсілім) тіркеуден өтетін оқушы балалардың бекітілген кестеге сәйкес аудандық әскерге шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз ету және тіркеу комиссиясына техникалық көмек көрсететін мекемелердің тізімін бекітіп, олардың жұмысын ұйымдастыру тапсырылсын.
      4. "ҚЭТЖК" АҚ-ның аудандық филиалынан (Е.Құрышжанов, келісімі бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратына тіркеуге алу комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығын тұрақты беріп тұруды қамтамасыз ету сұралсын.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінен (П.Нәлібаев, келісімі бойынша):
      1)тіркеуге алуды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
      2) азаматтардың тіркеуге келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
      3) тіркеуге келмеген азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуін тапсыру сұралсын.
      6. Аудандық емхананың бас дәрігері (С Ысқақов, келісімі бойынша):
      1) медициналық комиссияның құрамына бекітілген маман-дәрігерлер мен медбикелердің аудандық әскерге шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарына тұрақты қатысуын қамтамасыз ету;
      2) Алынып тасталды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 2011.02.21 N 53 шешімімен. 
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Б.Ибрагимовке жүктелсін.
      8. Аудан әкімінің 2009 жылғы 24 қарашадағы "Аудан көлемінде 1993 жылғы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 30 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркелім тізілімінде 15 желтоқсан 2009 жылы N 10-7-86 нөмірмен тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 103 санында ресми жарияланған) күші жойылсын.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енеді.

      Жаңақорған ауданының әкімі                          Б.Еламанов      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады