Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.02.25 N 81 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлері ұйымдастырылсын.
2. Аймақтағы қоғамдық жұмыстардың түрлері N 1 қосымшаға, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер және әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелер тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі мен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы мен осы қаулыдан туындайтын талаптардың орындалуын қамтамасыз етіп, қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесіне аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ақпарат берсін.
4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін ұйымдастыру туралы" N 14 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
2009 жылғы 12 ақпандағы N 76
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 1 қосымша
1. Қоғамдық жұмыстың түрлері
Қоғамдық жұмыстар мынадай негізгі түрлер бойынша ұйымдастырылады:
1. Коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне елді-мекендер айналасын тазартуға көмектесу;
2. Жергілікті деңгейде жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар салу;
3. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік мәдени объектілер салу, қайта жаңғырту және жөндеу;
4. Тарихи-сәулеттік ескерткіштер мен кешендерді қалпына келтіру, археологиялық жұмыстар;
5. Бюджет есебінен жүзеге асырылатын айналаны көгалдандыру мен көркейту, орман шаруашылығын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту;
6. Көктемгі дала, егін жинау жұмысын өткізу кезінде ауылдық округтерде жерді паспорттау;
7. Республикалық және аймақтық науқандарын (қоғамдық пікірді сұрау, әр түрлі санақтар) өткізуге қатысу;
8. Қарулы күштер қатарына шақыруын өткізуге көмектесу;
9. Орта қаржыландыру шарты негізінде қосалқы шаруашылығы бар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезеңінде дала жұмыстарын өткізу, мал бордақылау, мал төлін өсіру, мал бағу мен қорғау;
10. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға және атаулы әлеуметтік көмек алуға ұсыныс берген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу үшін учаскелік комиссиялардың жұмысына көмек көрсету;
11. Елді-мекендерде құқықтық тәртіп сақтауға көмектесу;
12. Қайта есептеу кезінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымдарға көмектесу және халықтың мақсатты топтарына (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттар рәсімдеу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету;
13. Мұрағат мекемелеріне, кітапханаларға көмектесу, кітаптарды қайта қалпына келтіру;
14. Бюджет есебінен жасалатын тұрғын үй құрлысына және тұрғын үй қорын қайта жаңғыртуға қатысу, ол жұмыстар үшін қажетті қосалқы материалдар (құрылыс тастар, қиыршық тастар, плиталар, құм) дайындау;
15. Әлеуметтік қызметтер көрсету (балалардың спорт және ойын алаңдарын салу, каникул кезінде сауықтыру лагерінде балалардың демалуын қамтамасыз ету);
16. Елді-мекендерде газеттерді уақытылы жеткізіп тұруда көмек көрсету;
17. Техникалық қызметтер (маусымдық жұмыстарда мекемелерде бу қазандығына от жағу, қарауыл, тазалықты сақтау жұмыстарына көмектесу, хатшы-машинистка т.б.);
18. Мал тұқымын асылдандыру, малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарына көмектесу.
2009 жылғы 12 ақпандағы N 76
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 2 қосымша
2. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер тізімі
1. "Сырдария ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
2. "Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
3. "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
4. "Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
5. "Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
6. "Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
7. "Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
8. "А.Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
9. "Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
10. "Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
11. "Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
12. "Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
13. "Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
14. "С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
15. "Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
16. "Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
17. "Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
18. "Аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
19. "Аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
20. "Аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
21. "Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
22. "Аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
23. "Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
24. "Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
25. "Аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
26. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
27. "Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
28. "Аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
29. "Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
30. "Қайнар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
31. "Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
32. "Сырдария ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
33. "Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік кәсіпорны;
34. "Сырдария аудандық балалар әуез мектебі" мемлекеттік кәсіпорны;
35. "Сырдария кәсіптік мектебі N 10" мемлекеттік мекемесі;
36. " N 35 И.Тоқтыбаев атындағы қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
37. "Ә.Тәжібаев атындағы N 36 орыс орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
38. "О.Әбілпаттаев атындағы N 210 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
39. " N 37 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
40. " N 131 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
41. "Т.Айтбаев атындағы N 132 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
42. "А.Тоқмағанбетов атындағы N 135 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
43. " N 137 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
44. "Ә.Жәмішев атындағы N 129 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
45. " N 126 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
46. "Қ.Баймағанбетов атындағы N 42 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
47. " N 44 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
48. " N 191 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
49. " N 174 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
50. " Абай атындағы N 130 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
51. "Аманкелді атындағы N 139 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
52. " N 147 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
53. "Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
54. "Сырдария ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
55. " N 1"Қызғалдақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
56. " N 2"Балдәурен"балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
57. " N 6"Ботакөз" санаториялық балабақшасы" мемлекеттік мекемесі;
58. "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
59. ""Айгөйлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
60. "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
61. " N 8 "Айгүл" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
62. "Гүлдер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
63. "Бүлдіршін" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
64. "Бөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
65. "Ақ көгершін" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
66. "Нұр сәби" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
67. "Сырдария аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік мекемесі;
68. "Сырдария аудандық кеңес беру диагностикалық емханасы" мемлекеттік мекемесі;
69. "Сырдария аудандық өкпе ауруына қарсы күрес ауруханасы" мемлекеттік мекемесі;
70. "Сырдария аудандық мемлекеттік мұрағаты";
71. "Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
72. "Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау" мемлекеттік мекемесі;
73. "Жалын" тынығу лагері мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
74. Мемлекеттік зейнатақы төлеу орталығының Сырдария аудандық филиалы;
75. "Сырдария аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі;
76. "Сырдария аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік кәсіпорны;
77. "Сырдария аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Тереңөзек кенті мәдениет үйі;
78. "Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының Сырдария аудандық филиалы"
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен қоғамдық жұмысқа
қатысушылардың еңбек ақысы
Қоғамдық жұмыстар жұмыс беруші мен жұмыссыздар арасында келісім-шарт арқылы ұйымдастырылады. Келісім шарттың шекті мерзімі 6 ай. Қоғамдық жұмысқа қатынасқаны үшін еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартқа, орындалған жұмыстың көлемі, сапасы мен күрделілігіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Еңбекақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес көлемде нақты орындалған жұмыстың көлеміне төленеді.
Қоғамдық жұмыстар республикалық және жергілікті бюджеттердің және жұмыс берушінің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелер тізімі
1. "Өркен - Сырдария" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2. Айдарлы ауылдық округі, "Ынтымақ" селолық тұтыну коперативі;
3. С.Сейфуллин ауылдық округі, "Қамқор" селолық тұтыну коперативі;
4. Шаған ауылдық округі, "Шаған" селолық тұтыну коперативі;
5. Шіркейлі ауылдық округі, "Бахмұхаммед" селолық тұтыну коперативі;
6. "Сымбат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7. "Жасұлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
8. Жеке кәсіпкер "Дүзімбетова Ләззат".
Ескерту: Әлеуметтік жұмыс орындары тиісті ұсыныстар негізінде бекітілді.