Жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 05 мамырдағы N 235 қаулысы. Қызылорда облысының әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 26 мамырда 10-8-89 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 310 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізу мақсатында жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру Нұсқаулығы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Кәсіби мамандығы бойынша диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді іске асыратын мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық субъектілерінің тізімі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қаулы баспасөз бетінде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

      Аудан әкімі                           С. Тәуіпбаев

2009 жылғы 5 мамырдағы N 235
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 1 қосымша

Жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру
Нұсқаулығы

      Осы Нұсқаулық "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес жоғарғы, арнайы орта оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мумкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.

1. Жалпы нұсқаулық

      
      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды практикадан өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай жастар практикасы) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жоғарғы, арнайы орта оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек
нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар практикасынан өткізеді.
      3. Жастар практикасы меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (әрі қарай жұмыс беруші). Жастар практикасын өткізуді іс-жүзіне асыру мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
      4. Жастар практикасын ұйымдастыру мен бақылауды Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      
      1. Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      2. Жастар практикасын ұйымдастыру кезеңінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) жұмыссыз азаматтардың саны-кәсіби оқу орындарын бітірушілердің Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеліп тұрған жалпы жұмыссыз азаматтардың қандай бөлігін құрайтындығы;
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіби оқу орындарын бітірген жастар санының өсуі;
      3) жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін кәсіби оқу орындарын бітіруші түлектерінің еңбек өтілінің болмауы.
      3. Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап, жастар практикасына қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      4. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар практикасына қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      5. Үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) үміткерлердің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз есебінде тіркелуі;
      2) іріктеу кезеңінде кәсіби мамандығы бойынша жұмыстың болмауы;
      3) жасы 29 жасқа дейінгі азаматтар.
      6. Жастар практикасына қатысушы жұмыссыздар 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
      7. Жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс беруші Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне сұраныс береді.
      8. Осы сұраныс негізінде Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен жұмыс берушіге жолдама береді.
      9. Жұмыс беруші жолдаманың бір данасын Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қайтаруға міндетті.
      Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыс беруші жастар практикасы бойынша жұмыстарды орындауға шарт жасасады. Шарттың мерзімі 6 айға дейін белгіленеді.
      10. Жастар пратикасына қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жеке келісім-шарт жасасып, жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарады және үш жұмыс күні ішінде Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

      
      11. Егер келісім-шартта көзделген міндеттердің орындалуы бұзылған жағдайда жастар практикасын ұйымдастырушының ұсынысымен келісім-шарт Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бұзылады. Бұзылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келісім-шарттың бұзылғаны жөнінде хабарлама беріледі.
      12. Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушімен келісім-шартты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бұзуына болады, егер жастар практикасына қатысушының құқығы мен міндетіне нұқсан келген
жағдайда.
      13. Жеке келісім-шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, жұмыс беруші Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беруге міндетті.
      14. Жұмыс берушінің қолдауымен жастар практикасына қатысушы келісім-шарттың мерзімі аяқталмай тұрақты жұмысқа қабылдауына мүмкіндігі бар.
      15. Келісім-шарттың уақыты біткеннен кейін жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға оның атқарған жұмыстары жайлы ұсыныс хат береді.
      16. Жастар практикасына қатысушы жұмыссыз азаматтар жұмыс іздеуші есебінен шығарылмайды.

4. Жастар практикасын қаржыландыру

      
      17. Жастар практикасын өткізу мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырылады.
      18. Жастар практикасына қатысушының айлық еңбекақысы Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бюджеттен 20 000 теңге көлемінде төленеді.
      Ескерту. 4-тармағының 18-тармақшасына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.02.25 N 82 қаулысымен.
      19. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

2009 жылғы 5 мамырдағы N 235
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 2 қосымша

       Жастар практикасы ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық субъектілерінің тізімі

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.02.25 N 82 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады