Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.01.10 N 6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
Сырдария ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
N 298 қаулысымен бекітілген
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек беру
Ережесі
1. Жалпы Ереже
1. Осы төлем Ережесі жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтейтін өтемақының төленуін реттейді.
2. Төлем Ережесін қабылдаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңы және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы болып табылады.
2. Әлеуметтік көмек беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылады.
3. Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек берудің тәртібі
4. Әлеуметтік көмек жылына бір рет отбасының бір мүшесіне ақшалай түрде ұсынылады.
Ескерту. 4-тармағына өзгеріс енгізілді - Кызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.06.29 N 229 қаулысымен
5. Отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін берілетін әлеуметтік көмекті алушы үміткер "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
4) үй кітапшасының көшірмесі;
5) жұмыс орнынан анықтама.
4. Әлеуметтік көмек төлемін қаржыландыру
6. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмекті төлеу шығындарын қаржыландыру "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету" 451-004 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінеді.
5. Төлемді жүзеге асыру тәртібі
7. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілген мөлшердегі ақша қаражаттарын өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына аударады.
6. Төлемнің жүзеге асырылуын бақылау
8. Әлеуметтік төлемдерді берілуі жөніндегі бақылау мен есеп беру қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.