Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2011.03.02 N 43/3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын және
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митинглер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 2 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат (кезектен тыс ХХІ сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 23 қазандағы "Шиелі ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 10-9-28 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 91 шығарылымында жарияланған) N 17/4 шешіміне төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
3 тармағының 1 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы ауданның жергілікті атқарушы органға өтініш беріледі.
Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ. Қасымов
Аудандық мәслихат хатшысы С.Қ. Оразымбетов