Шиелі кентінен атауы жоқ көшеге Әзімхан Исмайловтың есімін беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы N 790 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 21 қаңтарда N 10-9-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 2 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті, Ал-Фараби көшесінен бастау алатын атауы жоқ көшеге ауданымыздың экономикасы мен мәдениетін өркендетуге зор үлесін қосқан, соғыс және еңбек ардагері болған Әзімхан Исмайловтың есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Түменов Ермаханға жүктелсін.

      КЕНТ ӘКІМІ                                   М. МОЛДАБАЕВ       


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады