Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 2 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кенті, Төле би көшесіне түйісетін атауы жоқ көшеге, ауданның мәдениеті мен білім саласына еңбегі сіңген, танымал композитор болған Әлімхан Оспановтың есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің орынбасары Түменов Ермаханға жүктелсін.
Кент әкімі М. Молдабаев