Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/162 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 14 мамырда N 2047 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері NN 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. «Ақтау қаласы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы» облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 20/355 шешімінің (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N  1966 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 43-44 санында жарияланған) күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы   Облыстық мәслихат хатшысы
Р. Борашов        Б. Шелпеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Облыстық жер қатынастары
      басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы
      Қ. Оразбаев
      «___» ________ 2009 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы бойынша
      Салық департаментінің бастығы
      А. Теңгебаев
      «___» ________ 2009 ж.

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы
10 сәуірдегі N 13/162 шешіміне
1- қосымша

       Ескерту. 1 қосымша қағаз нұсқада берілген.

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы
10 сәуірдегі N 13/162 шешіміне
2- қосымша

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Ақтау қаласының жер аймақтарының сипаттамасы

Аймақ-тар N

Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар

Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер

I

Теңіз жағалауы, NN 1, 4, 5, 7, 9, 14, 15 шағынаудандар; «Самал» тұрғын үй массиві, N 1 аурухана қалашығы

2,0

II

NN 2, 3, 3а, 3б, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 18а, 18б, 19, 20, 20а, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28а, 29, 29а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 33а, 34, 35, 36, «Шығыс-1», «Шығыс-2», «Шығыс-3» шағынаудандар және «Ақтау» халықаралық әуежай жолының оң жағында орналасқан жер учаскелері

1,8

III

«Ақтау-Сити» (теңіз жағалауына жақын орналасқан учаске)

1,6

IV

«Ақтау-Сити» (әуежай жолының сол жағында орналасқан учаске)

1,4

V

Өнеркәсіп (селитебтік аймаққа жақын орналасқан учаске)

1,2

VI

Өнеркәсіп

1,0

Айма қ тарды ң сипаттамасы

      Айма қ I
      Бірінші аймақ теңіз жағалауындағы аймақтың, селитебтік айма      бөгін біріктіреді: N N  1, 4, 5, 7, 9, 14, 15 шағаудандар; «Самал» тұрғын үй массиві, N  1 аурухана қалашығы.
      Бұл аймақта басты әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нышандар, мейрамханалар, кафелер, барлар, супермаркеттер, дүкендер, банкілер, қонақ үйлер, қалалық жағажайлар, мәдениет және демалыс парктері, спорттық кешендер және басқа да жоғары табысты нысандар орналасқан.
      Бірінші аймақтың тұрғын үй қорын 4-5, 7-11 қабатты жай құрылысты тұрғын үйлер, сондай-ақ, аса жайлы үйлер мен тұрғын кешендер алып тұр және оқшауланған жер массивтерін алып тұрған коттедждік құрылыстар.

      Айма қ II
      Екінші аймақ N N  2, 3, 3а, 3б, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 18а, 18б, 19, 20, 20а, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28а, 29, 29а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 33а, 34, 35, 36, «Шығыс-1», «Шығыс-2», «Шығыс-3» шағынаудандарын және «Ақтау» халықаралық әуежай жолының оң жағында орналасқан жер учаскелерін біріктіреді.
      Екінші аймақта халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін негізгі нысандар, мешіт, шіркеу, мейрамханалар, кафелер, барлар, супермаркеттер, дүкендер, банкілер және басқа да нысандар орналасқан.
      Екінші аймақтың тұрғын үй қорын 4-5, 7-11 қабатты жай тұрғын үйлер, сондай-ақ, аса жайлы үйлер мен тұрғын кешендер және оқшауланған жер массивтерін алып тұрған коттедждік құрылыстар алып тұр.

      Аймақ III
      Үшінші аймаққа тұрғын шағынаудандар, әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер және басқа да нысандар жоспарланған «Ақтау-Ситиді» салуға бөлінген жер учаскелері (теңіз жағалауына жақын орналасқан учаске) кіреді.

      Айма қ IV
      Төртінші аймаққа тұрғын шағынаудандар, әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер және басқа да нысандар жоспарланған «Ақтау-Ситиді» салуға бөлінген жер учаскелері («Ақтау» халықаралық әуежай жолының сол жағында орналасқан учаске) кіреді.

      Айма қ V
      Бесінші аймаққа селитебтік аймақта орналасқан барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.

      Аймақ VI
      Алтыншы аймаққа Ақтау қаласы жерінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады