Ескерту. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2012.05.08 № 85 қаулысымен.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Дене шынықтыру және спорт туралы»1999 жылғы 2 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2008 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 8 сәуірде № 55 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының сапына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорт жетістіктеріне қол жеткізген облыстың 10 спортшысына ай сайын ақшалай қамту (бұдан әрі – ақшалай қамту) белгіленеді.»;
көрсетілген қаулының 4 – тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 7 – тармағындағы «тұрақты» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
жұмыс тобының құрамына:
Купенов спорт ардагері,
Жақсылық Қайыркенұлы жұмыс тобының мүшесі;
Коломиец спорт ардагері,
Анатолий Константинович жұмыс тобының мүшесі болып енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А. Қараевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев