Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуге алуды ұйымдастыру жөнінде шаралар туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 4 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда N 11-3-103 тіркелді

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» N 74 Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жылында 17 жасқа толатын 1992 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Ақтау қаласының аумағында тұрғылықты немесе уақытша тұрып жатқан ересек жастағы азаматтарды тіркеуді өткізсін.
      2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
      1) тіркелуге жататын азаматтарды қаланың шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
      2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты, қажетті уақытқа, жасөспірімдерді міндеттерін орындау үшін, жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.К.Хитуовқа жүктелсін.
      4.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              С. Бекбергенов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Ақтау қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі
      басқармасы бастығы
      Ж.С.Дюсенов
      09 января 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады