Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Хитуовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Бекбергенов
Ақтау қаласы әкімдігінің
29 желтоқсандағы 2009 жылғы
№ 1378 қаулысына қосымша
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. Жиырма екі жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмысы жоқ адамдар.
3. Бірде - бір жұмыс жасайтын адамы жоқ отбасылардан жұмыссыз адамдар.